Өлең, жыр, ақындар

Қоғам мен тұлға

Қоғам мен тұлға – бір-бірін толықтыратын, тығыз байланысты ұғымдар. Қоғамда жеке адамның рөлі маңызды болса, тұлға өз дамуын тек қоғам арқылы жүзеге асыра алады.

Адам – қоғамның бір бөлшегі. Қоғам мен тұлға – бір-бірінен ажырағысыз. Қазақстанда 2024 жылғы дерек бойынша халық саны – 19,9 миллион, оның ішінде жастар саны – 3,8 миллион (яғни 19%). Бұл – ел болашағы жастардың қолында деген сөз.

Мемлекет 2023 жылы білім саласына 3,4 триллион теңге бөлді. Бірақ білім мен тәрбие тек мемлекетке емес, әр тұлғаның ұмтылысына да байланысты. Адам – қоғамның қозғаушы күші. Қоғамда 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар.

Нағыз тұлға – тек өзіне ғана емес, өзгеге де пайдасы тиетін жан. Егер әр адам адал, еңбекқор, мейірімді болса – қоғам да гүлденеді.

Қоғамның ең кіші бөлшегі – отбасы. Отбасы – қоғамның іргетасы. Әрбір қоғам жеке адамдардан тұрады. Ал сол адамдардың алғашқы тәрбиесі мен құндылықты сіңіретін орны – отбасы. Балалар отбасында адамгершілік, мейірімділік, құрмет пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Болысбек Қаракөз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз