Өлең, жыр, ақындар

Көп тіл білу — заман талабы ма?

Қазіргі заман ағысында көп тіл білу — тек білімнің белгісі емес, ол — үлкен мүмкіндік. Әлемдер арасындағы шекара жойылып, мәдениеттер тоғысып жатқан дәуірде бірнеше тілді меңгеру — жаңа білімге, жұмысқа, достыққа және дамуға жол ашады.

Расында, көп тіл білу — адам талабы емес, заман талабы. «Адам талабы» деп айтпаған себебім — адам тіл білмей-ақ тіршілігін жалғастыра алады. Ал “заман талабы” деуімнің мәні — тіл білу арқылы түрлі мәдениетпен танысуға, шетелде білім алуға, халықаралық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік туады.

Бүгінде жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығы артып келеді. Оған себеп — шетелдік фильмдер мен музыка, интернеттегі білім беру платформалары. Соның ішінде ағылшын, түрік, корей, қытай тілдеріне сұраныс жоғары. Мысалы, жастардың 91,8%-ы кәсіби даму үшін ағылшын тілін білуді маңызды санайды.

Осы бағытта жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде 2020–2025 жылдары 13 159 адам ағылшын тілін меңгерді.

Көп тіл білу — тек қызығушылық қана емес, ол қазіргі таңда еңбек нарығында да үлкен артықшылық. Жұмыс берушілер көп тілді меңгерген үміткерлерді жоғары бағалайды:

 • 77% жұмыс беруші екі немесе одан да көп тіл білетін үміткерлерді артықшылық деп санайды.

 • 60%-дан астамы көптілді үміткерлерге басымдық береді.

Сәйкесінше, көп тіл білетін азаматтардың жалақысы, әдетте, жоғары болады. Яғни, тіл — табыс пен табыстың кілті.

Көп тіл білу — заман талабы екенін жоққа шығара алмаймыз. Ол — тек қана тіл үйрену емес, ол — әлемді тану, жеке дамуға қадам басу және болашаққа сенімді инвестиция.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Кулахметова Мархабат


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз