Тарих қаласы - Самарқанд

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Тарих / Оқушылардың өзге жұмыстары / Тарих қаласы - Самарқанд

Тарих қаласы - Самарқанд — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Ілмектер: #саяхат #шетел #тарих #самарқанд #әсер — осы тақырыптарға байланысты.

Жақында біз отбасымызбен Өзбекстандағы Самарқанд қаласында болдық. Самарқанд – тарихи орындарға бай, қандай да бір рух сезілетін қала. Самарқанд өзінің ерекше атмосферасымен адамдарды тартып тұрады. Біз Самарқандта әртүрлі тарихи орындарды көріп, түрлі тарихи әңгімелерді тыңдадық. Әмір Темірдің кесенесі, мемориалдық кешен Шахи-Зинда, Регистан алаңында болдық. Сонымен қатар нағыз самарқандтық палау жеп, кілемнің және қағаздың жасалу жолын көрдік.

Мемориалдық кешен Шахи-Зинда – таңғажайып орын. Ескі қала сияқты ерекше энергетикасы бар. Құрылысына келсек, араб жазуларымен жазылған мұсылманша сөздер, әрбір бөлшегі мұқият ойластырылған ерекше кесене. Бұл жерге қатысты аңыз әлі күнге дейін адамдардың жүрегінде сақталған. Шахи-Зиндаға келушілердің алдында 40 сатыдан тұратын баспалдақ көрінеді, ол тәубе мен дұға жолын бейнелейді. Шахи-Зиндаға келген әрбір турист жоғары көтеріліп, қайта түскенде баспалдақтарды санай бастайды. Аңыз бойынша, егер көтерілгенде және түскенде шыққан сан бірдей болса, онда адам күнәлардан тазартылған деп есептеледі.

Ал Регистан алаңы үш үлкен медресемен қоршалған: Әмір Темірдің немересі Ұлықбек медресесі, сондай-ақ Шердор және Тіллә-Кәри медреселері. Маған бұл жердегі тарихи әңгімелер ерекше ұнады. Ұлықбектің астрономияға қызығушылығы, осы салаға байланысты ойлап тапқан еңбектері өте әсерлі болды. Сонымен қатар балаларды оқыту жүйесі мен сәулет өнері де назарға лайық.

Самарқанд – өте тартымды қала. Қаланың тұрғындары қонақтарға сый көрсеткен, мейірімді, жылы жандар. Самарқанд – тарихы терең, көрер жері көп қала.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарих қаласы - Самарқанд деген не?

Бұл бетте Тарих қаласы - Самарқанд тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тарих қаласы - Самарқанд материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Ілмектер: #саяхат #шетел #тарих #самарқанд #әсер тақырыбындағы материалдар SuleimenovaRiza жариялаған басқа материалдар