Өлең, жыр, ақындар

Үндістанның жер асты құдықтары

Үндістанда баяу бұзылып жатқан керемет сәулет ғимараттары өте көп. Олардың көпшілігі жайлы біз білмейміз. Тереңдігі 10 қабатты үйге тең тас құдықтар жайлы естімеген шығарсыз. 30 жыл алдын журналист Виктория Лаутман Үндістанға ең алғаш келуінде осы объектерді көріп қалған. Көлемді құрылымдар жер асты суларын алуға және қалжырататын құрғақ айлар көктемде құйып жауатын муссондармен алмасатын аймақтарда жаңбыр суын жинау үшін арнайы жобаланған. Виктория тас құдықтардың әдемілігін әлемге паш ету үшін төрт жыл бойы Үндістанда құдықтарды іздеген. 

 

Victoria S. Lautman

 

Victoria S. Lautman

Екінші мен төртінші ғасырдың аралығында Үндістанда мыңдаған құдықтар салынған, ең алғаш олар шұңқырлар болып, уақыт өте олар дамып, күрделеніп инженерия мен өнердің жетістіктеріне айналды.  Құдықтар мәңгілік өмірдің бейнесіне айналды. Құдықтарды ауқатты адамдар мен қайырымдылықпен айналысатын адамдар салдырды, олардың  араларында әйелдер де болған.

Victoria S. Lautman

 

Victoria S. Lautman

Жер асты құдығының құрылымы жер асты суларын алуға арналған терең цилиндрдан тұрады. Суды алу ыңғайлы болу үшін ұзын баспалдақтар мен шығыңқы жерлері бар арнайы саңылаудан су ағатын  іргелес тас шұңқыр орнатылған. Жаңбыр жауатын мезгілде құдықтар үлкен цистерналарға айналған. Суды сақтаудың бұл жүйесі мыңжылдар бойы  қолданылған.

Victoria S. Lautman

 

Victoria S. Lautman

Жер асты суларын бақылаусыз тартып шығару салдарынан көптеген құдықтар құрғап кеткен. Қазіргі таңда олардың көптегені толығымен қараусыз қалған.

Victoria S. Lautman

Victoria S. Lautman

Саяхатшы бағдарларының маңында орналасқан кейбір құрылымдардың  жағдайлары жаман емес. Бірақ бұл объектердің көбі ішінара қирап қоқыс алаңдарына айналған.

Victoria S. Lautman

Victoria S. Lautman

 

Victoria S. Lautman

Виктория Лаутманды бұл құрылымдардың жойылып кету қаупі алаңдатады. Үндістанға сапарларының мақсаты болашақ ұрпаққа бұл керемет объектерді ең болмағанда суреттер арқылы жеткізу. Виктория  жеті штаттың аумағынан 120 құрылымды тапқан.

Victoria S. Lautman


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер