ХХ мен ХХІ ғасыр тарихы теңдік орнату оқиғаларына толы. Заманауи қоғам әйелдердің, балалардың және тіпті үй жануарларының тең құқығы үшін сәтті күресті. Біз өркениеттің жетістіктерін мақтанышпен қабылдаймыз, бұл Жер бетіндегі адамдардың барлығын қамтыды деп есептейміз.
Шын мәнінде бәрі өзгеше. Кейбір елдер ата-бабасынан қалған ежелгі салт-дәстүрлерін әлі де ұстанып келеді. Олар адамды жеке қасиеттеріне қарап емес, туылғандағы атақ-абыройына қарап бөлуді доғарған емес. Мысалы, Үндістанда сот жоқ каста қоғамның 20%-ын құрайды, әрі оларға ешқандай заң жүрмейді.
1. Варн жүйесі
Үндістанда әлі күнге дейін касталық жүйе бар. Барлық қоғам төрт варнға бөлінеді: оқымысты-брахмандар, сарбаз-кшатрилер, диқаншы-вайшьлер және шудрлар, қызметшілер. Қоғамды бұлай бөлу, бұрыннан қалыптасқан тайпалық жүйенің, ассимиляцияға ұшыраған қоғамның мәдени дәстүрлерімен байланысының нәтижесінде туындаған. Осы төрт варнның өкілдері бір-бірімен араласа алады, тек шудрлармен байланысуды құп көрмейді.
2. Шудрлар
Сот жүрмейтіндердің қатарына ең әуелі шудрлар кастасы кіреді. Бұл адамдар адам заманнан бері ауыр әрі лас жұмыс істейтін болған. Шудрларды Үндістанның құлдары деуге болады. Дегенмен олар кішігірім жер теліміне иелік еткен. Бұл кастаның адамдары қоғамға қызмет ету салаларында істейді. Мұндай адам ұста, балташы, арақ-шарап маманы, тас қалаушы және тіпті музыкант бола алады.
3. Сот жоқ касталар
Сот жоқ касталар Үндістанның қоғамдық бөлінуінен тысқары өмір сүреді. Олар ең лас жерлерде жұмыс істейді, өлген жануарларды жинайды, дәретханаларды тазалайды және тері өңдеумен айналысады. Сот жоқ касталарға шіркеулердің есігі жабық. Адамдар туыла салып маңдайына біткен жағдайларымен ештеңе істей алмайды. Бұл адамдарға жоғарғы касталықтардың үйлеріне кіруге мүлде болмайды, ал қоғамдық құдықтан су алуға батылы жеткен каста өкілін көшеде қатаң жазалап отырады.
4. Қорлау
Сот жоқ кастаны бәрі жек көреді, әрі олардан қорқады. Қоғамның ең төменгі тобының адамы кез келген адамның жанына тұра қалып, оның абыройын түсіруі мүмкін. Әсіресе брахмандар өз айналасына аса абай: сот жоқ кастаның өкілі оның киімінің ұшына тиіп кетсе, оған кірлеген кармасын тазартуға көптеген жыл қажет болады.
5. Сот жоқ касталар қайдан пайда болды
Парийлердің толық бір класының пайда болуына тарихтың өзі септік еткен. Ежелде Үндістанды өркениетті арийлер басып алады. Олар жаулап алынған тайпа өкілдерін өз қоғамымен біріктіруге асықпайды. Арийлер жергілікті елді қызмет көрсетушілер етіп жалдайды. Оларға бөлек ауылдар салынады. Мұндай іс-әрекет нәтижесінде жаулап алушылар мен қаналушылардың арасын жер мен көктей етеді. Соңғылары қоғамға сіңісе алмай қалады.
6. Жұмыс түрлері
Сот жоқ каста өкілдері арийлердің бұл дәстүрін мойынсұна қабылдайды. Бұл адамдардың өздері жұмыс түрлеріне байланысты саб-касталарға бөлінеді. Бүгінде чамар-тері илеушілер, дхоби-кір жуушылар мен ең лас жұмыстарды жасайтын – парийлер кең таралған. Заманауи Үндістан қоғамының 20%-ы сот жүрмейтіндерден тұрады. Оларды қарапайым қоғаммен біріктіруге ондаған жыл бойы күрес жүріп келеді.
7. Теңдік үшін күрес
Бұл жүйеге қарсылықтың легі ХХ ғасырда бастау алды. Басты белсенділікті Ганди танытты. Ол қоғамда қалыптасқан стереотипті бұзуға тырысып, кастаны хариджандар - құдайдың адамдары деп ауыстырғысы келді. Гандидің бастамасын брахмандар кастасының өкілі Бхимрао Рамджи Амбедкар жалғастырды. Сот жоқ каста оның қорғауында далиттерге, қаналушыларға айналды. Амбедкар далиттерге әр қызмет саласында арнайы квота берілуіне қол жеткізді. Яғни, сот жоқ кастаға үнді қоғамына кіріп кетуіге мүмкіндік туды.
Бірақ мұның іске асуына әлі ерте сияқты. 2008 жылы далит кастасының бір жігіті кшатрий кастасының қызына үйленбек болады. Батыл күйеу жігітті 500 карабинерден тұратын жасақ күзетті – нәтижесінде жаңа отбасын қаладан қуып жіберді.
Сот жоқ каста - Үндістандағы әлеуметтік тобыр
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ерболат
Масқара!!!
Бабыр
Үндіс халқы неге лас?