Ағаштың куәлігі — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.
Материал — Ғибратты әңгіме, Ғибратты әңгімелер, ағаш, куәлік — осы тақырыптарға байланысты.
Бір кісі қажылыққа барарында бір досына мың алтын ақшасын аманат етіп қалдырады. Қажылықтан қайтып келгенінде ақшасын беруін сұрайды. Досы «сен маған ешқандай ақша қалдырмадың» деп мойындамайды. Әлгі кісі кейін Қазы Ияд хазреттеріне шағымданып барады.
Қазы Ияд екеуін де сотқа шақырады. Досы бұрынғысынша ақша алғанын мойындамайды.

Қазы шағымданушыға: «Ақшаңды мына адамға бергендігіңді көрген куәгерің бар ма?» дейді. Қажы «Бір ағаштың астында берген едім, басқа ешқандай куәгерім жоқ» дейді. Қазы Ияд: «Жарайды, сен барып, әлгі ағаштан бір бұтағын алып кел. Кім біледі, бәлкім саған куәлік етер» дейді. Әлгі кісі «Тақсыр, ағаш қалай куәлік етеді?» дейді. Қазы «Әкеле бер, содан соң көрерміз» дейді. Қажы ағашқа қарай бет алады. Қазы Ияд хазреттері алдындағы кітабын алып оқып отырады.
Біршама уақыт өткен соң Қазы Ияд хазреттері «Қажекең неге сонша кешікті екен?» дейді. Осылай дер демес әлгі кінәлі кісі басын көтеріп «Ол әлі келмейді, ол ағаш ұзақ жерде» дейді. Қазы Ияд хазрет күлімдеп: «Міне көрдің бе, ағаш куәлік етті» дейді.
Бұл бетте Ағаштың куәлігі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ағаштың куәлігі материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі