Өлең, жыр, ақындар

Ауыз су тапшылығы

    Қазақстан су ресурстары тапшы елдер қатарына жатады. Қазақстанның географиялық жағдайы табиғи су қорларының аздығын көрсетеді, ал негізгі су көздері көбіне шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Дегенмен, қолжетімді су ресурстары әлі де бейберекет және үнемсіз пайдаланылады. БҰҰ деректеріне сәйкес, бүгінде әлемде 2,2 миллиард адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Сарапшылардың пікірінше, елдің экологиялық жағдайы мен халықтың әлеуметтік әл-ауқаты суды тиімді пайдалану деңгейімен тығыз байланысты.

Орталық Азия елдерімен салыстырғанда, Қазақстан – су тұтыну көлемі ең жоғары мемлекеттердің бірі. Worldometers дерегінше, елімізде жан басына шаққандағы тәуліктік су тұтыну шамамен 3,5 мың литрді құрайды. Бұл Ресейдегі көрсеткіштен үш есе көп (1,3 мың литр). Ал Германияда — 855 литр, Ұлыбританияда — небәрі 348 литр.

Ауыз су тапшылығының негізгі себептері:
    •    Климаттың өзгеруі
    •    Су қорларының азаюы
    •    Суды тиімсіз пайдалану
    •    Халық санының үздіксіз өсуі
    •    Судың ластануы және экологиялық ахуал

Ауыз су тапшылығының салдары:
    •    Су тапшылығы санитарлық жағдайдың нашарлауына және холера, дизентерия, іш сүзегі сияқты өлімге әкелетін аурулардың таралуына себеп болады.
    •    Әлеуметтік және экономикалық теңсіздік күшейеді.
    •    Ластанған суды пайдалану өлім-жітімнің артуына ықпал етеді. Себебі мұндай суда қауіпті микроорганизмдер мен химиялық қоспалар кездеседі.
    •    Су тапшылығын сезінген миллиондаған адамдар судың жеткілікті аймақтарына көшуге мәжбүр болады. Бұл ірі көші-қон толқындары экономикалық құлдырауға және қақтығыстарға алып келуі мүмкін.

Ауыз су тапшылығын шешу жолдары:
    •    Тұщы су қорларын және су қоймаларын сақтау
    •    Ауыз суды пайдалану рұқсаттарын қатаң бақылау
    •    Суды қайта өңдеу технологияларын дамыту
    •    Тұзды суды тұщыландыру
    •    Үй шаруашылығында суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру

 Journiverse білім беру орталығының оқушысы: Талғат Ясмин


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз