Бұл оқиға баяғыда орын алған, көп болғаны сонша қай кез екені ешкімнің есінде жоқ, бұл фольклор әлі күнге дейін Қазақ ауылдары, Көк Түрік елдері мен басқа елдің қазақтарының әлі есінде секілді. Әйтеуір бір термеші мен атамнан естіп едім. Ол оқиға үлгі ме? Жақсы ма? Жаман ба? Қуаныш па? Қайғы ма? Әлде мүлдем басқа ой ма? Ол оқырманның өз таңдауы болсын. Үлгі тапса, үлгі алсын! Әйтеуір болған оқиғаны әрбір Қазақ ұмытпасын! Соғыстың зардабын түсініп мәңгі бейбіт өмір сүрсін!
Бұрынғы Ресей империясы отарлап алған Орынбор ма? Омбы ма? Алтай ма еді? Әйтеуір бұрын Қазақтікі болған Сібір жақтағы ауылда болыпты. Ол ауылда орыстардан қысым көріп, бауырымыз шешесімен орманда қашып тасталған үйді паналап сонда өмір сүріпті. Орманда аш қалсын ба, онда аң аулап жеп, бұлақтан су ішіпті. Ресей империясы ассимиляциялауға бар күшін жұмсағанымен қазірге күнімізге қарасақ қолынан дұрыс келмепті. Жылға-жыл қосылып сол үйдің өңін кіргізіп, жан бітіріпті, үйі толған аң-құстардың терісі, анасы одан баласына, өзіне түр-түрлі аңның терісінен киім жасағанына өзі сүйсініп, әттең анау ауылдың басындағы кемпірлеріне көрсетер едім "Заманның жаманын-ай!" деп отырыпты, анда-санда ақырын ғана оны бауырымызға ғашық болған орыстың бай қызы арқылы 10 тон, 10 мәсіге тең тиынға ғана базарға апарғызып сатқызыпты, ал орыс қыздың әкесі өзі секілділерге әкесіңнің құнына сатыпты, ал бейбақтың барлық тиынына анасына нан, ұн мен жаңа ине-жіп сыйлапты. Бейбақтың анасынан басқа кімі бар дейсің? Әкесі баласы туылмай жатып терең ұйқыға кетті, не себепті? Ұлты өзге болғаны үшін әйтеуір орыстар жанын жәһаннамға аттандырыпты.
Аңға баласы шыққанда баласына тамақ дайындап, жолына да беріп жіберіп, күні бойы киім жасап баласын есік алдынан күтіп тұратын. Бір күні үйінде қақталған ет болса да, нісібесіне қанағаттанбай. Сол күні анасы баласына "Аңға шықпа балам, үйде тамақ бар ғой! Шығып қайтесін? Одан да жатып демалсаңшы! " дегін сөздерін елемей, "Жақсы анашым, ертең де демаламын ғой" деп, аңға шықты. Аңшылық оған әкесін өлтірген жауыздардан кек алып жатқандай күй кешетін, ертең көтеріліс болса мазоль қаптаған алақанын, қансыраған қолымен дәл атуға дайындықтай көрінетін. Сол түні аңда қанжығасы әбден толыпты, екі метрдей киіздің үстін аңға толтырып, ауыр болмас үшін қасқыр, түлкі терісін сыпырып алып етін харам деп лақтырып, құстарды, азын-аулақ қоянды қымтап байлап сүйреп келе жатты, әдетегіден алыс кетіп қалыпты. "Жын-пері ме?" Деп біреудің қарасын көргендей әрлі берлі жүгіріп өте берді, кек алғысы келген қасқыр болар деп оқты айдалаға ата берді “Қорыққанға қос көрінеді! “ деп өзін жұбатып білетін сүрелерін оқып, қолына пышағын ұстап, мылтығын оқтап тез-тез басып тоңып келеді. Ашкөздікпен құдай сынады ма? Бір пәле болды ма? Алдынан киік шығыпты терісі эх, алтындай жарқ-жұлқ етеді түнді таң қылғандай, ал киік етін қашан жеген, етінің дәмін әрең-әрең есіне түсіреді, анасының сөздері құлағына "Аңды аз аула! Тірі жан иесі ғой, босына обалына қаласың! Балам!" деп екі құлағына сыбырлап жатқандай, сонда ол "Жұртың бәрі киікті киелі жануар дейді, киелі болса етті де киелі, тәтті ғой!" деп қуана-қуана өзіне ақырын келе жатқан киікті атып алса ұрғашы елігі бар киік екен, әйтеуір емшегінен сүт шыққанынан білсе керек, таң атқанша еліктерін іздепті бірақ таба алмай олжамен үйіне қайтыпты, ертесіне Баласы сойса расында буаз киік екен, сонда анасы шала жетілген елікті аяп кетеді, елігі тірі болса да ол да көп ұзамай өледі тым шала жетілген-ау шамасы. Баласына ашкөздігі үшін тағы ұрсыпта алады. Ұрайын десе тағы ұят нәп-нәған дардай жігіт, ұрмайын десе анасының тілін алмайтын бәйтөбет. Уақыт өз орнында тұрсын ба? Уақыт зымырап өтіп бауырымыздың анасы біраз жасқа жетсе де бойыннан күш әлі кетпепті, Қазақтың жаужүрек әйелі болғанымен, аналық жүрек немере сүйгісі келіпті, ал баласы таза қанды сақтағысы келіпті, сондықтан да баласы әлі бойдақ. Анасының "Хайуан болса да тірі жан иесі ғой! Аңды аз аула!" деген ақылына да құлақ аспапты. Сол күні тым құрыса анау орыс қатынды ал, әлі күнге дейін күтіп жүр ғой сені деген анасының сөзінен құтылу үшін бүгін тағы да аң аулауға шығып, басқа күндерден ерекше ұзақ аңға кетіпті, анасының ойына уайым түсіргеннен қарғыс боп тиді ме? Әйтеуір сол күні құрттай қоянға да қанжығасы ілінбепті. Қырсыққанда аспан күркіреп, шелектеп жаңбыр жауды желде ақырын әстен ғана ысқыра бастады жүріп келеді, жүріп келеді жол таусылмастай көрінді, әбден шаңға батты. Бұндай табиғат қырсығына үйренседе бұл жолы уайымды оймен араласып орыспен қайтсем де араласпаймын қан тазалығын қанша сақтағысы келсе де, ол өз заманынан ерте туылған қолынан түк келмейтін бишара еді. Ана жүрек баласын уайымдамай тұра ала ма? Баласының амандығын тілеп дұғасы мен сүресін оқып күтті. Енді міне тағы да баланың алдынан бір киік келе жатты, сонша жер кезгені бекер болмайтын болды енді ертесіне тағы да дәмі тіл үйрер ет жимін деп мылтығын қолына алды да көздемей-ақ атта салды. Бала барып қараса о, Құдайым аң терісін жамылып келе жатқан жан деген де жалғыз анасы екен, дәл атқаны сонша соңғы сөзінде айта алмапты. Баласы қорқып анасын құшақтап, өкісіп тұрып жылап, біресе төмен қарап, біресе аспанға қарап, көмекте сұрай алмайтынын түсініп "Ажалың меннен болса, айтшы қане, жан анашым мен сеннен неге туғам? Ашшы көзіңді қане қайран анам! О, Құдай жазығым не айтшы маған? Ажалың болғаны ма, өз балаңнан? О, Құдай жазығым не айтшы маған, анамсыз бұл өмірді қалай сүре алам? Кешірші-кешір анам, бүгін-ертең қасыңа мен де барам!" деп тұрып көзінен жас бітіп қан аққанша өксіп тұрып бір күн, жеті сағат жылап таң шапағымен анасын сол жерде қабірін қолымен қазып алақанынан қан аққанына қармай қаза береді, ол қанда өзінің емес, ысыраппен өлтірілген аңның, ең бастысы анасының қаны сияқты көрінді, ауырлығын сезді Қазақта “Киені өлтірер болсаң тырнағыңды тіл!” дегені сірә бекер емес-ау! Сол жерде жалғыз өзі жерлейді, намазында оқиды. Қолы мен денсінің қанын жуу үшін бұлаққа барып бұл жолы ырымға жауапкершілікпен қарап суын құманға құйып жуынған. Судің салқыны да сезілмейтіндей көз болса соғыстан келген партизандай бақырайған, қып-қызыл. Анасының соңғы тілегі болған немере жайлы арманын орындау үшін әлгі орыстың қызына барып, азияттық асыл тәнін сыйлаудан бәрі-бір бас тартып мылтықты қолына алып анасының қасыннан қабір қазбай жер бәрі-бір қабылдамас деп дәретін алып болған соң, соңғы намазын оқып анасына бағыштап, өз-өзін атып өлтірді. Оған соңғы намаз, жаназа оқылмайды ол өз-өзіне қол жұмсау мәңгілік Тозаққа апаратынын білдіме-білмеді ме? Белгісіз? Белгілісі ол өз қиыншылықтарының біткенін қалады, бірақ тек бұны емес! Сол түні анасымен ұрысқан жоқ, өмір бойы анасын сыйлап даусын анасынан жоғары көтермеген, әйтеуір түбінде киіктің еліктерінің обалы ұрды ма? Пәленің сөзіне ерді ма? Осы қылығын көрген Құдай осындай құлын тәрбелеген анасын ана өмірге әкетіпті, ал баласының денесін кім көмгені белгісіз, белгілісі денесінен жайлап қана жылу кетіпті!
Бір аспан, бір жер, бірақ екі түрлі әлем. Байлық пен кедейлік үшін бітпейтін бір күрес! Қағаздағы қасиетті жер үшін, ұлттық идеологиялық ар үшін! Судың орнына аққан қызыл қасиетті жылуы кетпеген қан! Ақ қардың орнына жауған қара салқын күл! Оттектің орнына жұтқан сасық сұр түтін! Құстардың шиқылдағаны таңда ұйқыдан тұрғызбайтын қарудың сарқылдағаны ұйықтатпақ емес, ал оқ дәрі тисе мәңгі ұйықтатар жер шөбі! Баланың күлкісінің орнына, өксіп жоқтап жылағаны, бақытты ананың орнына, жесір ананың адасқаны кезек-кезек Киіз үй өртене берді, енді міне тағы бір шаңырақ құлағаны жүректі ауыртпай қоймайды! Бейбіт өмір сүру үшін, күшті және ақылды болу керек! Себебі: "Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайындал!" деген сөзді ұмытпа!
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі