Өлең, жыр, ақындар

Он сегізінші көк сөз (Сабыр)

Өмір мені үйретті сабырлыққа, 

Сабырлықсыз бүлдіресің жамандыққа, 

Келе берген сынақтарға төзе біл, 

Сонда ғана үйренесің адамдыққа! 

Сондықтан да жай ғана сабыр ет! 

Өзіңді күнәлі істен қашық ет! 

Бізге жәннәтта көрші болуды, 

Уа, Аллаһым нәсіп ет! 

 Ұрыста мықты болып, өзіңді басқалардан күштірек етіп көрсету — ессіздік. Қандай жағдай болмасын, қақтығыс сенің дәрежеңді көтермейді, керісінше, абыройыңды түсіреді. Қандай жағдай болмасын қақтығыстар сенің ешқашан да дәрежеңді көтермейді. Тек сені жамандықпен төмен дәрежеге түсіреді. Ұрыстағы адамның дәметкені де сол. Оларды жеңудің бірақ жолы болады, ол олардың бар екенін елемеу, ұрыстан қашып одан да өзіңнің болашағыңды жақсылыққа толтырар іспен айналыс. Ең ұтымды жеңіс - болмаған ұрыс. "Егер де қиындықты шешуге болса ол туралы ойлаудың қажеті, ал егер қиындықты шешеуге болмаса уайымның түк мәні жоқ!" Ортаңды, өзгерту үшін, өзіңді өзгерт, дүние танымыңды дамытып жаңа жақсы нәрсені көру үшін, басқа жақтан өзіңді сынап көр! "Жай ғана ақмақтар мен есуастарға жол бер! " Ешкімді басынба және ешкімге себепсіз басылма! Басылсаң кірген тікен бол! Нағашы әжем айтатын "Мінезің тік болса, жегенің сірке болады!" Себебі: Сабыр бәрін жеңеді, ал өзіңнен туған зұлымдық ертеме-кешпе, өзіңе қайтып келеді сөз, іс, ой бәрі-бір! Түптеп келгенде төбелестің мәні жоқ. Алайда спорт бір бөлек, ал ашумен төбелес, мықты екеніңді тілмен, білекпен дәлелдеу бір бөлек. Өзіңдегі тәкаппарлық пен жасқаншақтықты өлтір. Ұтылдың ба, ештеңе етпейді, одан сабақ ал! "Өмір бірінші ұрады, содан соң сабақ береді!" Сөзін көтермейсің бе, әңгімені басқа жаққа бұр немесе сені ұнатпайтын адамдардан кет те, сені шынайы бағалай білетіндермен бол, жалғыздықтан ешкім өлген емес, оған шыдамағанға өмірді сезбес! Сеннен ірі, әрі күшті адамға қарсы шығу да қиын болса, дәл солай сеннен әлсізді кешіру қиын. Жетістікке жеткен адамнан барып құпияны сұрау да қиын, сұрасаң да айтады деймісің? Сүйсең де тіке айтуда қиын, бірден "Иә!" дейді деймісің? Бөгде адаммен танысу, өз ойыңды қорғау жалпы кез-келген сұрақтар мен қарапайым дүниелер өз оймыздағы қолжетпес эгоны ысырып қойып оларға шынайы айту керекпіз, бәлкім жақсы дос болып та кетерміз. Өмір онсыз да қиын, бірақ сен оны одан сайын қиындатпа! Жеңіліп жең де мықты екеніңді дәлел де! Не істеме! Бірақ өзгелерге ұқсамасаң, олар сеннен қорқып, сыртыңнан өсек пен бетіңе ақыл айтып, сосын жек көріп жоқ қылғысы келеді. 

 Керісуден қаш. Жақсы айтқанды істе. Ұнамаса кет! Өмірге "Иә!" деуді және "Жоқ!" деуді үйрен! Сонда боласың сен, өзгелерге сыйлы, өзің үшін бақытты! Ешқашан да берілме, өз есеңді жіберме! Қатты керек болса да, қолдан келсе үндеме! Адамдар керісте дұрыс емес ойын, дұрыс екенін көрсеткісі келеді сондықтан, жеңіліп жең! Әркімдікі өзінше дұрыс. Анам айтатын "Балам саған жамандық жасағандарға үндеме, Аллаға тапсыр да қой! Оның дәрежесіне түспе, керісінше оған жақсылық жаса, шоколад бер, күлімде, ұнамаса да сыйлы бол себебі: жеген құл ұялады! Ал, уақытты келгенде өз жолыңмен жүріп кет те, жолдарың екі жаққа айырылсын! " деген. Ақымақтықты түзетудің жалғыз жолы жоқ, бірақ оны орнына қою үшін, орнына қоймау керек! Өз ісіңмен айналысып кемелден өзіңмен бірдей не үлкен мақсаты барлармен бірік. Әрқашан басқа адам оймен ойлау керек, сізге пайдалы өсуге мүмкіндік берсе дебат құрыңыз, себебі: ол адам сіз білмейтін нәрсені білуі мүмкін. Бірақ ақымақтармен дауласудың қажеті жоқ. Ақымақтар мен көре алмаушыларға ұзақ үнсіздік танытсаңыз, олар өз қателіктерін түсінеді. Олар өздерінен ұялады да тынады. Таныс немесе бейтаныс болсын, ұрыс-керіс жағдайды тек нашарлатады. Егер олардың мінез-құлқы мен ұстанымы сізге қиындық тудырса, онда сіз басқа адамдармен қарым-қатынас жасауыңыз керек, олар адамға әсер етуге көмектеседі. Тікелей қарсылық ешқашан жұмыс істемейді. Ақымақ адаммен дауласу есі жоқ көгершінмен дауласқанмен бірдей. Көгершін де аузымен нәжіс лақтырмаса да жалпы сасық нәжіспен сол жерді бүлдіреді де өзінікі дұрыс емес екенін білмей, өтірік жеңісті тойлау үшін өз секілділерге ұшып кетеді. Басқа адамдардың ренішіне шыдаудың мәні жоқ. Жалпы әр дауды жеңудің қажеті жоқ себебі: қарапайым ұрыс-керіс сенің, жалпы біздің өмірімізді шешпейді. Шешсе де әрі кетсе көгершіннің нәжістен артылмайды, ал сен болашақ мақсатыңа жеткізер ісіңе бар күшіңді бағытта! Есіңде сақта: өзің жаман болсаң, жұрттың бәрін айуан көресің! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз