Информатика пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Әсіресе, ақпараттық қоғамда информатика пәнінің маңызы арта түсуде. Бұл пән тек компьютермен жұмыс жасауды үйретіп қана қоймай, логикалық ойлау, талдау, алгоритм құру, проблеманы шешу секілді дағдыларды дамытады. Демек, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда информатиканың орны ерекше. Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамның алған білімін өмірде тиімді қолдана білуі. Информатикада бұл – нақты тапсырмаларды шешу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану, түрлі бағдарламаларды меңгеру, ақпаратты талдау, өңдеу және қорғау дағдыларын игеру деген сөз.Бұл бағытта бірнеше тиімді жолдарды атап өтуге болады:
1. Жобалық оқыту әдісі – оқушыларға өз бетінше зерттеу жүргізіп, жобалар жасауға мүмкіндік беру арқылы олардың шығармашылық және практикалық қабілеттері дамиды.
2. Робототехника және бағдарламалау сабақтары – оқушылар нақты алгоритмдер құрып, код жазу арқылы логикалық және жүйелі ойлауды меңгереді.
3. STEM бағытындағы жұмыстар – ғылым, технология, инженерия және математика пәндерін біріктіру арқылы кешенді білім беру жүзеге асырылады.
4. Құзыреттілікке негізделген тапсырмалар – өмірмен байланысты практикалық есептер арқылы білімнің қолданбалылығы артады.
5. Цифрлық сауаттылықты дамыту – интернет ресурстарын тиімді және қауіпсіз пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениет қалыптастыру. Қорытындылай келе, информатика пәні – функционалдық сауаттылықты дамытудың қуатты құралы. Оқушы алған білімін нақты өмірлік жағдайда қолдана алса, ол – шынайы нәтижеге қол жеткізудің белгісі. Сондықтан мұғалімдердің міндеті – оқытуды өмірмен байланыстырып, оқушының жеке тәжірибе арқылы үйренуіне жағдай жасау.
Бердібек Алмасбек Әбдімұратұлы
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі