Ахмет Байтұрсынұлы – түркітанушы, публицист, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы аумағында дүниеге келген. Әкесі жастайынан қуғынға ұшырап, отбасында қиындық көп болғанымен, Ахмет білім жолын таңдады.
XX ғасырдың басында қазақ халқының азаттық қозғалысына белсене қатысып, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің қайраткерлерінің бірі болды. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан Ахметті халқы бекерден-бекер «Ұлт ұстазы» атамаған.
Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен шеберлікті талап ететін ұлы жол. Мұхтар Әуезовтің «Ұстаз – ұлы есім» деген сөзі Ахмет Байтұрсынұлына тікелей қатысты. Ол тек мұғалім ғана емес, ұлтқа бағыт-бағдар көрсеткен шын ұстаз болды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген еңбектері:
Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық жолы жай ғана мамандық емес, ол – ұлттық миссия болды. Жан-Жак Руссоның сөзімен айтсақ: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау».
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рашиден Тоғжан
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі