Қазақ халқында «Денсаулық - зор байлық» деп бекер айтылмаған. Қазіргі қоғамда да бүл түсінік кеңінен таралған. Денсаулықты сақтау жеке адамның ғана емес, тұтас меклекеттің міндетіне айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың денсаулығының 50%-ы өмір салтына, 20%-ы қоршаған ортаға, 20%-ы тұқымқуалаушылыққа және небәрі 10%-ы ғана медицинаға байланысты екенін мәлімдейді. Бұл деректер әр жеке тұлға өз денсаулығына аса құрметпен қарау керек екенін дәлелдейді. Қазақстанда қазір салауатты өмір салтын насихаттау кең етек жайып жатыр. Статискаға сүйенсек, спортпен тұрақты түрде айналысатын халықтың үлесі 38,5%-ға жетті( бұл шамамен 7,5 миллион адам).Дегенмен көптеген денсаулық мәселелерінің орын алуы көбеймесе, азайған жоқ. Бұл ақпарат бәріңізге белгілі. Әрине, бұның басты себебі - дұрыс тамаштанбау мен қозғалыстың аздығы. Ресми деректер бойынша, Қазақстан халқының шамамен 55,5 % әйелдері және 49,2% ер адамдары артық салмақ мәселесіне душар. Тіпті бұл мәселе балалардың арасында кең таралған. Денсаулық сақтау - дәрігердің емес, әр адамның күнделікті өмірдегі әдетінің жемісі. Дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтау, физикалық қозғалыс - ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі. «Денсаулық - шексіз байлық» екенін жадыңызда мәңгі сақтап, ұмытпағайсыз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ақұлпа Ғанибекқызы
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі