Ұлттық мұра дегеніміз – қандай да бір халықтың рухани немесе мәдени байлығының жиынтығы. Қазақ халқының бағзыдан келе жатқан ұлттық мұрасы жетерлік. Алайда, сан ғасырлар бойы езгіде болған қазақ елінің алтын сандықтағы қазынасы қазіргі таңға дейін жаншылмай аман-есен жеткен бе?Ұлттық мұраны сақтау әр қазақ үшін парыз. Ол үшін ең алдымен өткен мен болашақты жалғайтын - ұрпақтар сабақтастығы, мәдениет пен тарих арқылы халықтың намысы,ар-ожданын қалыптастыратын – рухани байлық, «мінекей, қазақ осы» деп төрткіл дүниеге паш етуге мүмкіндік беретін - туризм және ең бастысы ұлттық бірлік болуы шарт.Осы мақсатта елімізде 2004-2011 жылдар арасында «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында көптеген ескерткіштер жөнделіп,тарихи қолжазбалар зерттелді. ЮНЕСКО тізіміне қазақтың бірнеше мұрасы енгізілді. Олар: «Қазақтың дәстүрлі домбыра күйі», «Айтыс – импровизация өнері», «Қорқыт мұралары», «Наурыз мерекесі». Алайда, шет елдің мәдени ықпалының күштілігінен кейбір дәстүрлеріміз ұрпаққа үні жетпей, ұмытыла бастады. Бұған себеп: жастар арасында ұлттық мұраға қызығушылық төмендеуі. Бұл мәселелерді шешу үшін мәдениетке көп көңіл бөлінуі қажет. Өйткені мәдениет дамымай, ел экономикасы да дамымайды. Мәдениетке көңіл бөлу – экономиканың дамуына тікелей әсер ететін ең маңызды фактор. Мысалы жақында болған Дженнифер Лопестің концерті елімізге миллиардтаған пайда әкелді. Сол секілді ұлтымыздың негізі болып тұрған мұраларымызды заман ағымына сай өңдеп жастарға ұсынсақ ,құндылығы мен мұрасы бір арнаға тоғысқан елге айналарымыз сөзсіз. «Мәдени мұра» жобасы аясында жүзеге асырылған тағы бір жоба - «Қасиетті Қазақстан».
«Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына кіретін 100 нысанның тізімін жариялаған болатын.Ол тізімде Батыс Қазақстан Облысы бойынша екі нысан - ортағасырлық Жайық қаласы мен «Бөкей Ордасы» тарихи музей-кешені енген. Осындай танымдық, тарихи,мәдени жобалар жолға қойылғанда ұлттық мұраларымыз еселеніп өспесе,өлмейді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рашиден Тоғжан
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі