Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы экологиялық мәселелер

    Қазіргі таңда бүкіл әлемде экологиялық мәселелер көбеюде. Табиғи ресурстарға бай елімізде де соңғы жылдары экологиялық тепе-теңдік бұзылып, қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайлар жиі кездесуде. Қазақстанда экологиялық ахуалға әсер ететін басты мәселелердің қатарында ауа мен судың ластануы, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюы бар. Мемлекет пен қоғам бұл мәселелермен күресу үшін түрлі шаралар қабылдауда. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданып, экологиялық акциялар мен волонтерлік жобалар ұйымдастырылып келеді.

Заңнамалық негіз

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 5 тамызында қабылданған.

Мақсаты: экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаға зиян келтіретін факторларды азайту.

Волонтерлік және экологиялық бастамалар

Jasyl El — еліміздегі ең танымал экологиялық жастар ұйымдарының бірі. Олар жаз айларында ағаш отырғызып, аумақтарды көгалдандыру жұмыстарын атқарады. Эко-белсенділер — қоршаған ортаны қорғауға және табиғи байлықтарды сақтауға өз еркімен үлес қосатын азаматтар. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – ел аумағында аулалар мен көшелерді, саябақтарды тазарту мақсатында ұйымдастырылған бастама. Инициатива іске қосылғалы бері 10,4 миллионнан астам адам акцияға қатысқан.

Жоспарлар мен жетістіктер

  • Мемлекеттік орман қоры аумағына 1,3 миллиардтан астам ағаш көшеті отырғызылған.

  • 15 гектарлық тәлімбақтар салу жобалануда.

  • Арал теңізінің құрғаған табанында ұңғымалар бұрғылау жұмыстары қолға алынған.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Садырбекова Райхан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз