Қазіргі таңда жасанды интеллект барлық әлемнің түкпір-түкпіріне таралуда. Ол тек технология саласына ғана емес, адамдардың күнделікті өмір салтына үлкен әсерін беріп жатыр. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Алайда, ол 2023-25 жылдары әлемге ауқымды түрде таныла бастады. Күн өткен сайын жасанды интеллект барлық салаларда жылдам жетістіктерге жетуде. Осындай ұзақ тарихы бар бұл технология күннен күнге сапасы жоғарылап,маңыздылығы одан сайын артқан. Бүгінгі таңда жасанды интеллекттің мүмкіндігі сан қырлы. Қазіргі заманда ол күнделікті өмірде аса маңызды рөл атқарады.Ол тек ақпарат беріп қана қоймай, кез келген сұраққа жауап береді.
Жасанды интеллект адамдарға үлкен мүмкіндік беруде. Оның кең тарағаны соншалық медицина, IT, биология, робот техникасында, білім саласында үлкен пайдасын тигізіп жатыр.
Барлық пайдасына қарамастан іштей сұрақ туындайды “ Оның болашақ маман иесіне зияны тиіп кетпейді ме? ЖИ ақылсыз ақыл ма?”. Шынында да бұл ойландыратын сұрақ. Себебі, қазіргі қоғамға қарасақ көп оқушылар, студенттер ЖИ-дің көмегінсіз берілген тапсырмаларды жасай алмайды. Қазақстандағы студенттердің шамамен 60–70%-ы ЖИ құралдарын кем дегенде бір рет қолданған. Ал оқушылардың (мектеп жасындағы) арасында бұл көрсеткіш 30–40% шамасында. Сарапшылардың ойынша бұл мәселе AI-дың адам өміріне нормадан тыс еніп кетуінде дейді. Мысалы, ChatGPT оқушылар мен студенттер арасында 86% қолданылатын қосымша екені расталды. Бұл тек ҚР-ның проблемасы емес, барлық әлемде болып жатқан жағдай.
ЖИ адам орнын баса алады ма?
Ғалым Александр Герберт 1965 жылы «20 жыл ішінде машиналар адамның істей алғанының бәрін игермек» деген болатын. Бірақ, қанша уақыт өтсе де машиналар адамдың деңгейіне жете алған жоқ. Дәл солай ЖИ адам деңгейіне жету екі талай. Адамдар ойлау арқылы әрекет етеді, ал жасанды интеллект алгоритмдарға сүйеніп шешім қабылдайды. Тіпті ол шешім қате болуы мүмкін.
Жи негізгі түрлері мен топтары:
•Әлсіз (тар) ЖИ (Narrow AI)
– Белгілі бір нақты тапсырманы орындайды (мысалы, ChatGPT, Siri, Google Translate).
– Өздігінен ойланбайды, тек берілген нұсқауларды орындайды.
•Күшті (жалпы) ЖИ (General AI)
– Адам сияқты ойлап, үйреніп, жаңа жағдайларға бейімделе алады.
– Қазір мұндай жүйе тек зерттеу сатысында.
• Суперинтеллект (Super AI)
Адамнан да ақылды, барлық саланы жақсырақ орындай алады деген болжамды болашақтағы түрі.
Әзірге тек теориялық деңгейде.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Аубакир Кәусар
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі