Бүгінгі таңда интернет "дұрыс тамақтану" туралы мыңдаған ақпаратқа толы. Біреуі көмірсуды мүлдем жеме десе, екіншісі майдан бас тарт дейді. Осы қарама-қайшылыққа толы ақпарат ағынында біз не дұрыс, не бұрыс екенін білмей, ас мәзірімізді бұрынғы қалпында қалдырамыз. Алайда денсаулық пен ұзақ өмірдің құпиясы мүлдем басқа жерде жатыр – ол күрделі ережелерде емес, керісінше қарапайым әдеттерде. Дұрыс тамақтану – бұл денсаулығыңызды құрметтеу, оны сүю және оған сапалы азық беру. Бұл әрекетіңіз – сіздің бүгінгі және ертеңгі күніңіз үшін жасаған ең маңызды әрі баға жетпес инвестицияңыз.
Адамдар тамақтану кезінде екі қателік жібереді. Біріншісі – калориясы көп, бірақ құнары жоқ, дүкен сөрелеріндегі әдемі оралған тәтті, арзан тағамдарға үйір болу. Құрамында денсаулығымызға қажеті жоқ асты жеп, қарын тоқ болғанмен, іштей аш болып, әлсіздік пен шаршау сезімінен арыла алмай жүреміз. Екінші қателік – артық салмақ. Қант пен зиянды майларға толы тағамдарды көп тұтыну бізді семіздікке, ақыр аяғында жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеліп соқтырады. Бұл екі мәселе де өмір сапасын төмендетіп, бізді ерте қартаюға итермелейді.
Ендеше, мұны қалай өзгертуге болады? Жауапты ғалымдар мен зерттеушілер әлемдегі ең ұзақ өмір сүретін, 100 жастан асқан адамдар тұратын "Көгілдір аймақтар" деп аталатын жерлерден тапты. Бұл адамдардың өмір сүру салтында ешқандай күрделі құпия жоқ. Олардың әдеттері табиғи, қарапайым және өте тиімді. Осы ұзақ өмір сүрушілердің тамақтануға қатысты үш басты қағидасы бар. Біріншіден, олар "80% ережесін" ұстанады, яғни асқазанды толық толтырмай, жеңілдік сезімі әлі бар кезде тамақтануды тоқтатады. Бұл қарапайым әдет артық калориядан қорғайды және ас қорыту жүйесін жеңілдетеді. Екіншіден, олардың диетасының басым бөлігі бау-бақша өнімдерінен құралған. Олар етті сирек жейді, оның орнына фасоль, жаңғақ тәрізді ағзаға пайдалы өнімдерді тұтынады. Үшіншіден, олар дұрыс су ішуді күнделікті дағдыға айналдырған. Денедегі барлық процестер суға байланысты. Суды жеткілікті мөлшерде ішу – ағзаны тазалауға, теріні жақсартуға және энергияны арттыруға көмектеседі. Шай, кофе немесе шырын судың орнын баса алмайды.
Соңғы жылдары ғалымдар асқазан мен ішектің біздің көңіл-күйімізге және ми жұмысына қатты әсер ететінін анықтап, асқазанды «екінші ми» деп атады. Ішегімізде триллиондаған пайдалы бактериялар өмір сүреді. Олар біз жеген тағамды қорытып қана қоймай, бақыт гормоны – серотониннің көп бөлігін өндіруге көмектеседі. Бұл пайдалы бактерияларды сау ұстау үшін көкөністер, жемістер және ашытылған өнімдерді тұтыну керек. Егер ішек сау болса, сіз өзіңізді әлдеқайда қуатты, бақытты және күйзеліске төзімді сезінесіз.
Алайда ұзақ өмір сүрушілер бізге денсаулықтың тек тамақтануға ғана байланысты емес екенін ұғындырады. Олардың өміріндегі басты құндылықтар:
Мақсат – таңертең не үшін оянатыныңды білу.
Табиғи қозғалыс – спортзалға бармай-ақ жаяу жүру, бақшада жұмыс істеу арқылы күнделікті қозғалыста болу.
Достық пен қолдау – жанынан табылатын адал достардың болуы. Жақын достар күйзелісті жеңуге және өмір сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
Дұрыс тамақтану – бұл күрделі ережелер жиынтығы емес, керісінше адамның табиғатына жақын әдеттер. Тәрелкеңізді бау-бақшаңызда өсетін табиғи өнімдермен толтырыңыз, суды ұмытпаңыз, асқазаныңызды шамадан тыс толтырмаңыз, қозғалыста болыңыз және жаныңыздағы жақын адамдармен қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз. Осы қарапайым әдеттерді ұстану арқылы сіз денсаулығыңызға ұзақ жылдарға жететін берік кепілдік бересіз. Есіңізде болсын: денсаулықты күтуді ертеңге қалдырмаңыз, кішкентай қадамдардан бүгін бастаңыз!
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі