Курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде оқу мен оқытудағы өзгерістер жайында, сонымен бірге оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, теориялық білімімді арттырдым.Үйренген әдістерімді нақты нәтижеге жету үшін мектептегі іс-тәжірибеден өту барысында қолдануды жөн көрдім.
Орта мерзімді жоспарлау үшін қыркүйектің басында мемлекеттік стандартқа сай етіп жасалған жоспардан тізбектелген төрт сабағымның тақырыбы ( 4-сыныптың ана тілі пәніндегі «халық ауыз әдебиеті» тарауынан) «Аққу, шортан һәм шаян», «Ара мен Шыбын», «Арыстан мен тышқан» және «Араша» мысалдарын алдым. Тақырыпқа байланысты жазылған сабақ жоспарыма «7 модульді қалай кіріктіріп өтуге болады?» деп жан-жақты іздендім. Орта мерзімді жоспарлау үшін күнделікті сабақта ынтымақтастық атмосферасын құрып, топқа бөліп, балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында мен 7 модуль ішіндегі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» сабақтарымда көбірек қолдануды жөн көрдім. Тізбектелген сабақтарымның топтамасында сыныптағы диалогтың маңыздылығына мән беріп, диалогтік тапсырмаларды көбірек пайдалануды жоспарладым. А. Байтұрсыновтың «аққу, шортан һәм шаян», Оспанхан Әубәкіровтың «Ара мен Шыбын» және Қастек Баянбаевтың «Араша» мысалдарында оқытуда оқушылардың шығарма кейіпкерлерінің образын ашу мақсатында рөлдік ойын тапсырмасын орындатамын.
Ойлау туралы ойлана отырып, маңызды мәселелерді оқушылар өз арасында талқылау мен тәжірибе жүргізу арқылы ой елегінен өткізуді қамтиды.
Сондықтан сын тұрғысынан ойлау статегияларынан: «Ой қозғау», «Топтау», «Инсерт», «Ойлану, жұпта талқылау», «Әлемді шарлау», толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Джиксо-ұжымдық оқыту әдісі» сияқты стратегияларын әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолдануды жоспарладым. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруы, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Сабақтарымда формативті және жиынтық бағалауды қатар қолдануымның мақсаты оқушының білімін әрі қарай ынталандырып, неге қабілетті екендігімен баға арқылы өзінің дербес ойлауын, оқыту қорытындысын шығару және олардың оқуына ықпал етуге арналған сенімділігін арттыру болып табылады. Сабақ барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану мұғалімнің жұмысын едәуір жақсартады деп ойлаймын. АКТ-ны оқушылардың жас ерекшелігіне сай қолдану арқылы сабаққа ынтысымен қызығушылығын арттыруға болады. Оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Өз бетінше жұмыс жасай білетін, топ ішінде белсенділігін танытып , көшбасшылығын көрсете білетін балалардың бойынан дарындылық қабілеттерін байқауға болады. Оның осы дарындылығын қабілетін шыңдау мақсатында жеке жұмыстар жүргізіп, қосымша күрделілек ойлануды қажет ететін тапсырмалар беріп отырамын. Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан негізгі пәндерден өзім беремін, сондықтан күніге 3-4 сағат балалар көз алдымда болғандықтан үнемі әңгімелесу, сұрақ-жауап, бақылау арқылы оқушыларымның таланты мен дарынын байқап жүремін. Сыныбымдағы оқушылар 9-10 жастағы балалар болғандықтан тапсырмаларды олардың жас ерекшелігін ескеріп жоспарладым. Бұл модуль басқа модульдермен тығыз байланысты. Себебі баланың жас ерекшелігі әртүрлі жас шамасында өзіндік бағалаудағы зерделілікті талап етеді. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық қасиет мұғалім бойынан жұмыс істеу үшін баланы жан-тәнімен сүю, педагог бойында педагогикалық байқағыштық педагогтік әдептілік, ұйымдастырушылық қабілет, оқушылармен қарым-қатынас жасай отырып, дұрыс талап қоя білу керек деп түсінемін.
Келешекте сындарлы оқытуды өз сабақтарыма қолдана отырып, тиянақты жұмыс жүргізгім келеді. Жеті модуль арқылы барлық оқушыны сабаққа ынталандыруда, өз ойларын ашық айта отырып белсенділіктерін арттыруда пайдасы көп екендігіне көз жеткіздім.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық . (2012). НЗМ
2.1-бетпе-бет кезеңіндегі дәріс материалдары.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі