Өлең, жыр, ақындар

Ауыл мектептерінің білім беру сапасы

    Ауыл мектептері — еліміздің білім беру жүйесінің маңызды әрі ажырамас бөлігі. Ауылдық жерлердегі білім беру сапасы мектептің тиімділігін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі болып табылады.

    Қазақстандағы мектептердің шамамен 70%-ы ауылдық жерлерде орналасқан, олардың басым бөлігі — шағын жинақты мектептер. 2023 жылдан бастап елімізде ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Ауыл мектебі — сапа алаңы» жобасы іске қосылды. Жоба аясында бірқатар өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында — «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту», Алматы облысында — «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында — «Отпан» тірек мектептер желісін дамыту, Ұлытау облысында — «Ustaz Ulytau» жобалары іске асырылып жатыр.

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты — ауылдық және шалғай өңірлердегі дарынды балаларды анықтап, оларды сапалы біліммен тең дәрежеде қамтамасыз ету.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пән бойынша өткізіліп, төрт кезеңнен тұрады:
I кезең — мектепішілік іріктеу;
II кезең — аудандық;
III кезең — облыстық;
IV кезең — республикалық.

2024 жылы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жобаға 10 тірек мектеп пен 30 шағын жинақты мектеп қосылды. Ал 2025–2026 оқу жылында тағы 1600 ауыл мектебін қамту жоспарланып отыр. Ауылдық білім беруді дамыту орталығының басты мақсаты — ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру арқылы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және еліміздің тұрақты дамуына үлес қосу. PISA халықаралық зерттеуінің деректеріне сәйкес, ауыл мен қала оқушылары арасындағы білім деңгейінің айырмашылығы 37 баллды құрайды, бұл шамамен бір оқу жылына тең көрсеткіш.

Осыған байланысты ауыл оқушыларына жүйелі қолдау көрсету аса маңызды. Осы мақсатта орталық алдына мынадай міндеттерді қояды:
    •    ауыл мектептеріндегі білім беру мүмкіндіктерінің теңсіздігін зерттеу;
    •    мүдделі тараптар арасында пікірталас алаңын құру және модерациялау;
    •    жүйелік деңгейде және тәжірибе барысында шешім қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бегимбаева Жамиля  


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер