Қазақстанда 13.04.2015 жылы Махаббат туралы ең үздік 5 кітап жарияланды.
Әзілхан Нұршайықов. "Махаббат қызық мол жылдар". 1970 жылы жарық көрген озық шығарма. Бұл шығармада соғыстан қайтқан әскер Ерболдың студенттік өмірі баяндалады. Басты кейіпкер 1945 жылдың 14 қарашасында Алматыдағы Қазақ университетінің студенті болып қабылданады.
Сәбит Мұқанов. "Мөлдір махаббат". Бұл роман да соғыстың ауыр кезеңінде бүр атқан мөлдір махаббатты бейнелейді. Бүркіт еркекшора өскен Бәтеспен алғаш рет танысқанда, оны Сыр бойында тұрған шағында бірер жыл қолында асыраған киіктің лағына ұқсатады.
Ілияс Есенберлин. "Ғашықтар". Оқиға желісі туған күн кешіндегі таныстық пен екі жастың ортасындағы махаббаттан өрбиді. Мүсін өнерінің қыр-сырын жетік білетін жас жігіт өз қиялындағы аруды тапқандай болып қосылғанда, тағдыр оларды екіге бөліп жібереді.
Бексұлтан Нұржекеев. "Бір өкініш, бір үміт"."Өз әйелімді сүйе тұрып, тағы басқаны ұмыта алмауым, тіпті, сағынуым; бала күннен бірге өскен досымды бар пейіліммен сыйлай тұрып, онымен қырғи қабақ жандармен де жылы сөйлесуім – осының бәрі не қылық, адамгершілік пе, екіжүзділік пе?". Осылайша ой толғатқан роман өз әйелін сүйе тұра, басқа әйелді ұмыта алмай жүрген кейіпкер жайында.
Николай Раевский. "Джафар мен Джан".Жазушының бұл повесіндегі оқиғалар алыс Месопотамия жерінде халиф Гарун аль-Рашид тұсында өрбиді. Ертегі сюжеті, дәстүрлі-ертегі кейіпкерлері шынайылықпен астасқан. Джафар бақташы пен Джан патшайым арасындағы махаббат бейнеленген.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қалман Мөлдір
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі