Өлең, жыр, ақындар

Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері

    Қазіргі таңда әлем бойынша 5,4 миллиардтан астам адам әлеуметтік желілерді қолданады, бұл — жер шары халқының шамамен 65%. Ең белсенді пайдаланушылар — 13–34 жас аралығы, олардың 87–95% әлеуметтік желіде тұрақты отырады. Жастар арасында ең танымал платформалар — TikTok, Instagram және YouTube. Әсіресе TikTok-та 18–24 жастағылар ең үлкен қолданушылар тобы болып саналады.

Зерттеулер әлеуметтік желілердің кері әсерін де көрсетеді. Әлеуметтік желіні ұзақ уақыт қолданатын жасөспірімдердің 41%-ы психикалық жағдайын нашар деп бағалаған. 46% жастар әлеуметтік желілер дене бейнесіне сенімсіздік тудырғанын айтса, 45%-ының ұйқы режимі бұзылған. Сонымен қатар, 46–50% жасөспірім кемінде бір рет кибербуллингке ұшыраған.

Әлеуметтік желілер кең мүмкіндік бергенімен, статистика оның жастарға психологиялық қауіп төндіруі мүмкін екенін дәлелдейді. Сондықтан әлеуметтік желіні саналы пайдалану, уақытты шектеу және қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әбубәкір Аружан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер