Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер (Instagram, TikTok, Telegram, YouTube және басқалары) жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл платформалар ақпарат алуға, байланыс орнатуға және шығармашылық қабілетті дамытуға мүмкіндік береді. Алайда олардың жағымды тұстарымен қатар, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан кері әсерлері де бар.
1. Қолдану көлемі және статистика
Қазақстанда жастардың 90 пайыздан астамы әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады. Бұл көрсеткіш олардың өмірінде цифрлық платформалардың маңызын айқын көрсетеді. 18–24 жас аралығындағы жастардың 76,3 пайызы жаңалықтарды негізінен әлеуметтік желілер арқылы алады. Бұл қазіргі жастардың ақпаратты дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан емес, онлайн платформалардан іздейтінін дәлелдейді. Зерттеулерге сәйкес, жастардың жартысына жуығы әлеуметтік желілерде өте ұзақ уақыт өткізеді, ал кейбір жасөспірімдер өзін «түні бойы онлайн» боламын деп сипаттайды.
2. Психологиялық әсері
Позитивті әсерлері
Әлеуметтік желілер жастарға білім алуға, өз ойын еркін білдіруге, жаңа идеялармен бөлісуге және шығармашылық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар адамдар арасындағы байланысты жеңілдетіп, өзін-өзі таныту алаңына айналды.
Негативті әсерлері
БҰҰ деректеріне сүйенсек, әлеуметтік желілерді күніне 3 сағаттан артық пайдалану жасөспірімдерде депрессия мен мазасыздыққа шалдығу қаупін екі есеге арттырады. Әлеуметтік желіні шамадан тыс қолданатын жастарда ұйқының бұзылуы, өзін-өзі төмен бағалау және өзгелермен өзін салыстыру сезімі жиі байқалады. Батыс елдеріндегі зерттеулер де әлеуметтік желілерді көп қолдану психикалық қиындықтардың артуымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, студенттердің 60 пайыздан астамы әлеуметтік желілердегі өзгелердің «мінсіз өмірін» көріп, өзіне деген сенімін жоғалтып, теріс пікір қалыптастыратынын мойындайды.
3. Әлеуметтік мәселелер
Кибербуллинг
Әлеуметтік желілерде кибербуллинг пен жағымсыз контенттің таралуы кеңінен кездеседі. Бұл жасөспірімдердің психологиялық жағдайына кері әсер етіп, өзіне деген сенімділігін төмендетуі мүмкін.
Алгоритмдік тәуелділік
Көптеген платформалар қолданушыларды ұзақ уақыт ұстап қалу үшін арнайы алгоритмдерді пайдаланады. Мұндай жүйе жастардың тәуелді болуына әкеліп, зейін қою қабілетінің төмендеуіне және оқу үлгерімінің нашарлауына себеп болуы мүмкін.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Құнанбай Зейнеп
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі