Қазіргі уақытта интернет технологиялары қарқынды дамыған кезеңде өмір сүріп отырмыз. Соның нәтижесінде әлеуметтік желілер кеңінен қолданылып, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері өте жоғары. Себебі әлеуметтік желі — байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар қажетті ақпаратты жылдам алуға, жеке дамуға және табыс табуға мүмкіндік беретін орта.
Әлеуметтік желілер арқылы адам уақытын тиімді ұйымдастырып, пайдалы контент тұтына алады. Әлем бойынша адамдардың шамамен 60 пайызы әлеуметтік желілерді күнделікті қолданады. Бұл тек жастарға ғана емес, балалар мен егде жастағы адамдарға да әсер етіп отырғаны белгілі. Орта есеппен адам күніне 2,4 сағаттан астам уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді. Мұндай ұзақ уақыт экран алдында отыру адамның денсаулығына кері әсер етіп, уақытты тиімсіз жұмсауға әкелуі мүмкін. Сондықтан уақытты босқа өткізбей, оны пайдалы істерге бағыттау маңызды.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің саны да, сапасы да артып келеді. Олардың қатарында WhatsApp, Instagram, TikTok, Telegram сияқты платформалар бар. Мысалы, Instagram желісін әлем бойынша 2,3 миллиардтан астам адам пайдаланады. Бұл қосымшаға тіркелу үшін пайдаланушы кемінде 13 жаста болуы қажет, ал одан кіші жастағы балалар ресми түрде аккаунт аша алмайды.
Ал TikTok платформасын 2025 жылы ай сайын шамамен 1,59 миллиард адам белсенді түрде қолданады. Бұл қосымшаны да 13 жастан бастап пайдалануға рұқсат етілген. Ең белсенді қолданушылар — 18–34 жас аралығындағы жастар.
Әлеуметтік желілер арқылы жылына шамамен 15 000 АҚШ долларынан астам табыс тауып отырған жастар мен ересек адамдар да бар. Бұл әлеуметтік желілердің экономикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер адамның өз талантын ашып көрсетуіне, шығармашылық қабілетін дамытуына және пікір алмасуына үлкен мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері өте зор екенін байқаймыз. Сондықтан оларды дұрыс әрі саналы түрде пайдалану қажет. Әлеуметтік желілердің пайдасы да, зияны да бар екенін ескере отырып, оны адам өміріне оң әсер ететін құралға айналдыру әркімнің өз қолында.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Нұрматова Мадина
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі