Қазіргі таңда әлеуметтік желілер, әсіресе TikTok, жастар арасында ең ықпалды платформалардың біріне айналды. Статистикалық деректерге сәйкес, TikTok қолданушыларының 60%-дан астамы 13–24 жас аралығындағы жастар. Олар бұл платформада күніне орта есеппен 90–120 минут уақыт өткізеді.
TikTok-та әлем бойынша ең танымал тұлғалардың бірі — контент жасаушы Хаби Лейм. Оның жазылушыларының саны 160 миллионнан асады. Ал өнер саласында Чарли Д’Амелио мен Белла Поарч TikTok арқылы кеңінен танылып, кейін музыка индустриясында үлкен жетістіктерге жетті. Мәселен, Белла Поарчтың алғашқы әні бірнеше күннің ішінде жүздеген миллион қаралым жинады. Бұл әлеуметтік желілердің жастарды танымал ету мүмкіндігін бұрынғыға қарағанда бірнеше есе арттырғанын көрсетеді.
Сонымен қатар, зерттеулерге сүйенсек, жастардың 45%-ы TikTok-тағы блогерлер мен әншілерді өзіне үлгі тұтады, ал 30%-ы солар сияқты танымал болуды армандайды. Бұрын көпшілікке танылу үшін теледидар немесе продюсер қажет болса, қазіргі таңда бір ғана видео миллиондаған көрерменге жетуі мүмкін. Дегенмен, TikTok-та ұзақ уақыт өткізу кері әсерін де тигізеді. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, күніне 2 сағаттан артық әлеуметтік желі қолданатын жастарда назардың төмендеуі мен тәуелділікке ұшырау қаупі 1,5–2 есе жоғары болады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Божбанбай Рабия
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі