Өлең, жыр, ақындар

Үлкенге құрмет

Үлкенге құрмет

      Егде жастағы еуропанәсілді ер адам (курьер), кавказдық отбасына тасымал зат әкелді. Қолында үлкен қорап. Үй иесі курьердің қолынан қорапты алып, жылы жүзбен құрмет көрсете амандасты. Үйдегі ер балалар түгел курьермен тегіс амандасып шықты. Тек, Ибраһим ғана ас ішіп отыра берді. Әкесі ашу қысқан таңданысты жүзбен ұлына қарап:
- Ибраһим! Көрмей тұрсың ба? Үйге жасы үлкен адам келді! - деді.
Ибраһим:
- Ой, әке! Қайдағы бір курьерге амандасамын ба? Ас ішіп отырмын, қолым тимейді! - деп, дөрекі жауап қатты.
     Ыңғайсызданған курьер қайтуға қамданды. Үй иесі:
- Тамаққа келіңіз! - деді күлімдеп, әрі ұлы үшін ұялып.
Курьер:
- Көп рақмет!  Баратын жерім өте көп.. Кешігіп жатырмын! - деп, разылықпен жымиды.
Үй иесі:
- Көлігіңіз бар ма?
Курьер:
- Жоқ.
Үй иесі:
- Сонда сіз осынша затты жаяу тасып жүрсіз бе? Сосын ұлына қарап:
- Ибраһим, тез киін де машинаны оталдыр! Үлкен кісінің тапсырыстарын бірге таратыс. Осыдан кейін бәлкім адамдарды статусына қарамай құрметтеуді үйренетін шығарсың?! - деді.
      Әкесіне қарсы шығуға қорыққан Ибраһим, курьерді ертіп шығып кетті.. Курьердің "Керек емес! Өзім.." дегенін ешкім тыңдаған да жоқ.

Шет елдік рилстан көріп, қағазға түсірген:
Гүлмекен Қасенбай
29.12.2025 ж


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз