Қазақ әдебиетінде поэзия әрдайым рухани құндылықтың биік өлшемі болып келді. Дегенмен XXI ғасырдың екінші онжылдығынан бастап поэзияға деген қызығушылық әлсірегені байқалады. Ақпараттық технологиялардың дамуы, әлеуметтік желілердің үстемдігі терең мазмұнды поэзияны шетке ысырып, жеңіл әрі тез тұтынылатын мәтіндерді алға шығарды.
Бұл жағдай ақындық қасиеті бар тұлғалардың да қоғамда еленбеуіне әкелді. Бұрын ақындар халықтың үні, қоғамның ар-ожданы саналған болса, қазіргі таңда олардың ойы кең аудиторияға жете бермей жатыр. Поэзияның рухани салмағы екінші орынға түсіп барады.
Осы тұрғыда Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы поэзияның шынайы бағаланған кезеңін еске салады. Ол 1939–2014 жылдары өмір сүріп, қазақ өлеңіне батыл ой мен азаматтық үн әкелді. Ақын поэзияны уақытша танымалдық үшін емес, шындықты айту құралы ретінде қолданды. Оның шығармалары өз кезеңінде жоғары бағаланып, 1996 жылы Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды. Бұл ақындық қасиетке деген қоғам сұранысының бар екенін көрсеткен кезең еді. Қазіргі кезде сондай қабілетке ие жастар аз емес, алайда олардың еңбегі көбіне назардан тыс қалып жатады. Поэзияның бағаланбауы — ақынның жоқтығы емес, оған деген көзқарастың өзгеруі. Егер көркем сөзге деген құрмет қайта оралмаса, ақиық ақындық қасиет тасада қала береді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Айғожина Нұрайым
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі