Әлемде кітаптар саны шексіз десек те болады. Қазіргі бағалауларға сәйкес, әлемде шамамен 158–170 миллионнан астам кітап бар. Әр жыл сайын 2,2 миллионға жуық жаңа кітап жарыққа шығып отырады. Кітаптардың негізгі жанрлары: фантастика, ғылыми фантастика, романс, тарихи көркем әдебиет, саяси әдебиет, балалар және жасөспірімдер әдебиеті, поэзия және тағы басқалар.
Әлемнің көп елдерінде адамдар жылына кемінде бір кітап оқиды, әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкада бұл көрсеткіш жоғары. Дегенмен кей елдерде кітап оқу белсенділігі төмен деңгейде қалып отыр. Жалпы алғанда, әлемде шамамен 1,5 миллиард адам кітап оқиды, бұл планетадағы халықтың 20–25%-ын құрайды.
Ең қызықты кітаптардың нақты саны белгісіз, бірақ әлемде кемінде 10–20 мың кітап кеңінен танымал әрі қызықты деп есептеледі. Кітапханалар саны әлемде 2,8 миллионға жетсе, Қазақстанда 11 мыңнан астам кітапхана жұмыс істейді. Адам өмірінде кітап оқуға әдетті ерте жастан қалыптастыру маңызды. Әдетте ата-аналар 0–3 жас аралығында балаларға кітапты дыбыстап оқып үйретеді, ал 4–6 жасынан бастап балалар өз бетінше оқуға үйренеді. Бұл олардың қызығушылығын арттырады және оқуға деген әуестігін дамытады. Сарапшылардың пікірінше, адам үшін жылына шамамен 10–12 кітап оқу пайдалы әрі жеткілікті саналады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Нұрматова Мадина
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі