Бүгінгі күні тіл – барлық мүмкіндіктердің, түрлі елдер есігінің ашылатын кілті. Көптеген тілдерді меңгеру арқылы адам арманына тезірек жетеді. Өзге тілдерді білу қазіргі заман талабына айналған. Мәселен, ағылшын тілін білмесең, әлемдік ақпаратқа, білімге және кәсіби мүмкіндіктерге қол жеткізу қиын. Ағылшын тілі – халықаралық тіл, оны меңгерген адам бүкіл әлеммен байланыс орната алады.
Қазіргі таңда әлемдік маңызы бар тілдер қатарында: қытай, ағылшын, испан, француз, араб, орыс, португал және неміс тілдері бар. 2025 жылғы статистикаға сәйкес:
• Қытай және ағылшын тілдерін қолданушылар – 1,5 млрд адам;
• Испан тілі – 550 млн;
• Араб тілі – 420 млн;
• Орыс және португал тілдері – 260 млн;
• Француз тілі – 270 млн;
• Неміс тілі – 200 млн-нан астам.
Тек ағылшын тілін білсеңіз, 1,5 млрд адаммен байланыс орната аласыз. Ал бірнеше тіл білсеңіз, ой-өрісіңіз кеңейіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Көптеген полиглоттар тіл үйренуге ниеттілерге алдымен ағылшын тілін меңгеруге кеңес береді. Себебі бұл тіл ғылым, бизнес, технология және халықаралық қатынастарда негізгі көпір болып саналады.
Дегенмен, өзге тілдерді үйреніп жүріп, ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ тілінде сөйлейтін адамдар саны артса, тіліміздің өміршеңдігі сақталады. Ана тілін білу және оны күнделікті қолдану арқылы қазақ тілін әлемдік тілдер қатарында дәріптеуге болады.
Тіл үйрену бойынша Әселдің кеңестері (16 тіл білетін полиглот):
1. Сабақтарға қызығушылық төмендесе, радио тыңдау, фильм көру, ән тыңдау сияқты әдістерді қолданыңыз.
2. Маңызды тіркестер мен идиомаларды жазып алып, дауыстап жаттаңыз. Мысалы: “I am only pulling your leg” – «Мен тек мазақтаймын».
3. Көзіңізге көрінген шет тіліндегі сөздерді аударуға тырысыңыз – жарнамалар, афиша, сөйлесулер.
4. Күн сайын, тіпті 10 минут та болса, тіл үйренуге уақыт бөліңіз, таңертеңгі мезгілде ми жақсы қабылдайды.
5. Қателіктеріңізден қорықпай, мүмкіндігінше сөйлей беріңіз; түзеткен адамға алғыс айтыңыз.
6. Күнделікті өмірде кездесетін сөздерді жазып алып, жаттап, қолдануға тырысыңыз.
7. Тіл – қамал, оны тек жүйелі әрекетпен, оқулық, фильм, радио, сабақ және сөйлесу арқылы меңгеруге болады.
Тіл – үлкен қамал. Оны бағындыру үшін сенімділік, мақсаттылық және тұрақты еңбек қажет. Тек сол кезде бір ғана емес, бірнеше тілді меңгеруге мүмкіндік туады. Айта кету керек, Қазақстанда Тілдер күні 5 қыркүйекте, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс атап өтіледі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рысбекова Майра
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі