Еркектердің бұлшық ет күші мен жүрек-өкпе көлемі үлкен, ал әйелдердің төзімділігі мен эмоционалдық сезімталдығы жоғары. Бұл ерекшеліктер физиология мен өмір сапасын түсінуге көмектеседі.

Қан:
Еркектерде орташа есеппен 4,5 литр, ал әйелдерде шамамен 3,6 литр қан болады.
Дене температурасы:
Еркектердің дене температурасы әйелдердікінен сәл жоғарырақ келеді.
Су мөлшері:
Еркек денесінің 60–70%-ын су құрайды, ал әйелдерде бұл көрсеткіш 50–60% аралығында.
Скелет:
Еркектердің иықтары кең, қолдары мен аяқтары ұзындау. Әйелдердің жамбастары кең, буындары иілімдірек болады.
Дауыс:
Әйелдердің дауыс шымылдығы қысқа болғандықтан, дауыстары жіңішке естіледі.
Сезім мүшелері:
Әйелдердің есту және иіскеу қабілеті күштірек, ал еркектердің көру қабілеті басымырақ.
Май ұлпасы:
Әйелдерде май ұлпасы дене салмағының шамамен 27%-ын, еркектерде 15%-ын құрайды.
Бұлшық ет:
Еркектердің бұлшық ет күші әйелдерге қарағанда шамамен 50% артық, жалпы қуаты 1/3 мөлшерде жоғары.
Балиғат жасы:
Еркектер 10–15 жас аралығында, ал әйелдер 9–14 жас аралығында балиғатқа жетеді.
Өмір жасы:
Еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 71,5 жыл, әйелдердікі – 78 жыл.
Аяқ:
Еркектердің аяқтары ұзын әрі қуатты келеді.
Дене өлшемдері:
Еркектер: орташа бойы – 175 см, салмағы – 73,5 кг, көкірек айналасы – 98,5 см, белі – 80,4 см.
Әйелдер: орташа бойы – 160 см, салмағы – 61,2 кг, көкірек айналасы – 90,1 см, белі – 74,3 см.
Спорт:
Еркектер жылдамдыққа бейім, ал әйелдер төзімдірек болады.
Жүзу:
Әйелдер тері астындағы май қабатының әсерінен жақсы жүзеді.
Ауруға төзімділік:
Еркектер сирек ауырады.
Шаш:
Әйелдердің шашы тығыз әрі төзімді келеді.
Жылау:
Әйелдер еркектерге қарағанда шамамен 5 есе көп жылайды.
Өкпе:
Еркектердің өкпесінің көлемі шамамен 50% үлкен.
Ми:
Еркектердің миы әйелдердікінен орта есеппен 14% ауыр.
Жүрек соғысы:
Еркектердің жүрегі үлкенірек және баяу соғады: минутына орташа 72 рет, әйелдерде – 80 рет.
Жетілу:
Балиғат жасына дейін қыздар ұлдарға қарағанда жылдамырақ өсіп-жетіледі.
Суыққа төзімділік:
Әйелдер май ұлпасының қалыңдығына байланысты суыққа төзімдірек.
Дем алу:
Еркектер минутына орташа 16 рет, ал әйелдер 20–22 рет дем алады.
Қарап көр:
Ерлер нені әдетке айналдыруы керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Илон Маск
- Фирдауси
- Әл-Жахиз
- Марк Аврелий
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі