Өлең, жыр, ақындар

Қоғамдағы өзекті мәселе – суицид

    Қазақстанда суицид мәселесі өзекті болып отыр. 2024 жылы елде 3,4 мың суицид жәйті тіркелсе, 2025 жылдың күзінен бастап жыл басынан 1,9 мың жағдай есепке алынған. Бұл мәселе тек қазақстандықтарға ғана емес, әлем бойынша да өзекті. Статистика бойынша, мұндай қадамға көбінесе ер адамдар барады.

Суицид – кездейсоқ немесе бірден жасалатын әрекет емес. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін:

  • Философиялық: өмір мәнін жоғалту сезімі.

  • Психологиялық: депрессия, стресстік жағдайлар.

  • Әлеуметтік: тұрмыстық қиындықтар, беделге қатысты мәселелер.

  • Медициналық: ауыр дерт немесе психикалық бұзылыс.

Суицидтің қаупі жоғары үш жас кезеңі бар: 15–24 жас (жастық шақ), 45–50 жас (орта жас), 70 жастан кейін (қарттық кезең).

Өзіңізді қорғау жолдары:

  1. Сезіміңізді бөлісу. Отбасыңызбен, достарыңызбен сөйлесу немесе ойларыңызды қағазға түсіру.

  2. Салауатты өмір салты. Жаттығу жасау, дұрыс тамақтану, ұйқы режимін сақтау.

  3. Рухани тірек. Құдайға сенетін адамдар үшін дұға ету ішкі күш береді.

  4. Кәсіби көмекке жүгіну. Психолог немесе психотерапевтпен сөйлесу өте маңызды.

Суицид – шешім емес. Көмек сұраудан қорықпаңыз, әрбір адамның өмірі бағалы.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Нүсупқан Тоғжан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз