ҰБТ-мектеп бітіруші үшін ең жауапты кезеңдердің бірі.11 жыл бойы оқыған еңбектің нәтижесі осы тестпен өлiшенетіңдей көрінеді.Сол себепті көптеген оқушыларда қорқыныш,уайым,мазасыздық пайда болады.Менің ойымша ҰБТ-дан қорқу әлсіздік емес керісінше жауапкершіліктің белгісі.Бірақ,бұл қорқыныш бізді тоқтатпайды,керісінше алға итерметелеу керек.
Көп жағдайда біз нәтиженің өзінең емес өз ойымыздан қорқамыз.Егер төмен балл алсам не болады?Ата-анам реңжіп қала ма?Достарымнаң ұят болмай ма?-деген сұрақтар маза бермейді.Алайда шын мәніңде бір тест адамның тағдырын толық шешпейді.Иә,ол маңызды.Бірақ,өмірде мүмкіндік біреу ғана емес.Ең бастысы адамның талпынысы мен еңбегі.
Қорқынышты жеңудің ең тиімді жолы жүйелі дайындық.Егер дайындық нақты жоспармен жүрсе сенімділік артады.Мысалы әр күнге белгілі бір пәнді қайталау,әлсіз тақырыптарды анықтап,соларға көбірек уақыт бөлу пайдалы.Аптасына бірнеше рет сынақ тестің уақытпен орындауда үлкен көмек береді.Бұл нағыз емтихан кезіндегі атмосфераға үйретеді
Сонымен қатар,тек оқи беру де дұрыс емес.Кейбір оқушылар таңнан кешке дейін кітаптан блсамайды.Бірақ шаршаған ми ақпаратты қабылдамайды.Сондықтан дұрыс демалу қажет.Күніне 7-8 сағат ұйықтау,телефонды аз қолдану,таза ауада серуендеу-қарапайым бірақ тиімді тәсілдер.Спортпен айналасуда күйзелісті азайтады.
Психологиялық дайындықта өте маңызды.Кейде біз бәрің білеміз,бірақ уайымнаң тест кезінде шатасып кетеміз.Сол үшін өз өзіне сенімді болуды үйрену керек.Мен дайындалдым,менің қолымнаң келеді деген ой болу керек.Терең тыныс алу жаттығулары көмектеседі.Мысалы-4 секунд дем алып,4 секунд ұстап,4 секунд шығарып,мазасыздықты азайтады.
Тағы бір маңызды нәрсе:Өзіңді басқалармен салыстырмау керек.Біреу 120 балл жинайды,біреу 80 балл алады.Әр адамның қабілеті мен мүмкіндігі әртүрлі.Ең бастысы өз нәтижеңді жақсарту.Кеше 70 алсан,бүгін 85 алсан үлкен жетістік.
Ата-анамен және мұғалімдермен ашық сөйлесуде көмектеседі.Кейде ата-ананың қолдауы үлкен күш береді.Олар сенең тырысқаныңды күтеді.Егер түсінбеген тақырып болса мұғалімнен сұраудан ұялмау керек.Уақыт бар кезде сұраған дұрыс
ҰбТ-өмірдің бір кезеңі ғана.Ол сенің адам ретінде қандай екенінді анықтамайды.Енбекқорлық табандылық адалдық-бұлар кез келген жерде бағаланады.Егер сен бар күшінді салсаң,нәтиже қандай болса да,ол сенің енбегіңнің көрсеткіші болады.
Қорытындылай келе,ҰБТ алдындағы қорқынышты толық жою мүмкін емес,бірақ оны басқаруға болады.Жүйелі дайындық,дұрыс демалыс,өз өзіне сенім және жақындардың қолдауы-табыстың басты кілті.Ең бастысы,өзіңе сен.Себебі сенің болашағын бір ғана тестпен шектелмейді!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі