Қазақстанның оңтүстік-батысындағы Маңғыстау жартыаралына жол тартқан саяхатшылар көркі көздің жауын алатын мекендерді тізбектеді.
Түсірілім жасауға қолайлы көрікті мекендердің алғашқысы – Шақпақ-ата мешіті.
Шақпақ-ата мешіті
Түп-Қараған жартыаралында орналасқан Форт-Шевченкодан 20 шақырым жердегі мешіт Батыс Қазақстандағы ең көне сәулет өнерінің ескерткіші саналады.
Оның ерекшелігі неде? Біріншіден, қорық пен мешіттің өзі жер астында орналасқан. Екіншіден, ол борлы жартастан қашалғандықтан, көздің жауын алады. Мешіттің пішіні оның 9-10 ғасырда салынғанын байқатады.
Мешіт жарық түсетін жақтарға қарай бағытталған төрт камерадан құралған. Күмбез секілді жоғарғы бөлігі киіз үйді еске салады. Ал ортасында домалақ терезесі бар. Мешіттің қабырғалары жазбалар мен жануарлардың суреттеріне толы.
Мешіттің ішіне кірсеңіз, ғажайып тыныштық пен тылсым күшті сезінесіз. Мінсіз тегіс салқын қабырғаларын ұстасаңыз, санаңыз тынығады. Керемет мекен. Атай кетерлігі, Батыс Қазақстан архитектуралық және табиғи ескерткіштерімен танымал.
Сұлтан-епе – тағы бір таңғаларлық жерасты мешіті.
Аңыз бойынша, әкесі өз ұлдарын шақыртқанда кіші ұлы бірнеше күн кешігіп келеді. Ренжіген әкесіне Сұлтан-епе есімді кенжесі шалғай Каспийде қиындыққа тап болған балықшыларға көмектескенін айтады. Тіпті арқасында арқаннан қалған көгерген іздерді де көрсетеді.
Сұлтан епе кезінде Маңғыстауға келген Қожа Ахмет Иассауидің шәкірттерінің бірі ретінде аталады; ал тарихи деректерге жүгінсек, шамамен 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген Құл Сүлейменнің (Хәкім атаның) баласы делінеді. Оның есімі ел ішінде «Баһрғани» жазбасының иесі және су апатынан сақтаушы ретінде белгілі болған. Адамдар «Сұлтан епе сақтай гөр пендеңді су апатынан» деп сиынған және күн күркірегенде де осы адамның атын атайтын болған.
Сұлтан-епе кешені – тұщы суы бар өзіндік жазира. Ондағы құдықтың суы қасиетті деседі. Ал зират үстіндегі қадалар кезінде қасиеті бар адамдар үшін жоғарыға көтеріліп, халық үшін көмек сұрауға арналған деген де аңыз бар. Адамдар бұл жерге келіп, арқарды құрбандыққа шалып, қадаларға мата байлайды. Кейбірі дұғалары қабыл болуы үшін мұқтаждарға садақа тастап кетеді.
Мешіттің өзі шамамен 16 ғасырда салынған. Айта кетерлігі, жерасты мешіттен Каспий жағалауына тікелей баратын жерасты жолы да болған. Алайда ол бүгінде жабылып қалған. Мешіт өз заманында жалғыз құрылыс материалы болған ұлутастан салынған.
“Құлаған Жер” атты таңғаларлық мекен
Содан кейін “Жығылған” мүйісіне жол тартсаңыз болады. Онда “Құлаған Жер” атты таңғаларлық мекен бар. Ол расымен де құлаған.
Оның қалай туындағанынан бастасақ. Негізінен бұл көне көшкін орны. Қатты жер сілкінісінен бес қабатты үйдің үлкендігіне жететін тастар қазаншұңқырға үйіліп қалған.
Ал енді елестетіп көріңіздер. Көшкін 10 км қашықтықты шарпыған. Ал қазаншұңқырдың биіктігі 50 метрден асады. Құз шетінде тұрып, төмен қарасаңыз, сынған печеньеге толы үлкен құты сияқты көрінеді. Бұл мекенде өте абай болу қажет, экспедицияға қатысушылардың бірі құлап кетіп, басын қанатты.
Бұл көшкін жердің көне қабаттарын жалаңаштандырып, нәтижесінде “Жығылғанда” таста қалып қойған динозавр іздерін кездестіру мүмкіндігі пайда болды. Бұл өңір үстірт арқарларына бай. Алайда біз тек жабайы сиырлар мен иттерді ғана жолықтырдық.
“Жығылғанда” тұруға жарайтын көптеген үңгірлер бар. Ғасырлар бойы оны қуғынға ұшыраған адамдар паналап келген.
Ондай қашқындарды кездестірмесек те, 14-15 ғасырлардың қирандылары мен көптеген жартас суреттерінің куәсі болдық.
Дереккөз: nur.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі