Өлең, жыр, ақындар

Жеке басқа табынушылықтың құлауы

  1953 жыл Кеңес Одағы тарихындағы бетбұрыс кезеңдердің бірі болды. Дәл осы жылы ұзақ уақыт бойы билік жүргізген кеңестік басшы Иосиф Сталин қайтыс болып, елде қалыптасқан саяси жүйе үлкен өзгерістерге ұшырай бастады. Оның өлімімен бірге жеке басқа табынушылық деп аталған қатал саяси кезеңнің әлсіреуі басталып, жаңа тарихи кезеңге жол ашылды.
  Жеке басқа табынушылық – Кеңес Одағында қалыптасқан басқару жүйесі мен идеология. Бұл кезеңде мемлекетте қатаң тәртіп орнап, билік толықтай бір адамның қолына шоғырланды. Қоғамда саяси бақылау күшейіп, түрлі репрессиялар жүргізілді. Көптеген адамдар “халық жауы” деген айыппен қудаланып, лагерьлерге жіберілді. Осы кезеңде миллиондаған адам зардап шекті. 1953 жылы 5 наурызда Сталиннің қайтыс болуы Кеңес Одағындағы саяси жағдайына үлкен әсер етті. Оның өлімінен кейін билік үшін күрес басталды. Билікті уақытша бірнеше жетекші бөлісіп басқарды. Солардың қатарында Георгий Маленков, Лаврентий Берия және Никита Хрущев болды. Бұл кезеңде елде бұрынғы қатаң саясатты өзгерту туралы пікірлер айтыла бастады. Сталин қайтыс болғаннан кейін елде бірқатар өзгерістер жүргізілді. Саяси тұтқындардың бір бөлігі босатылып, репрессия құрбандарының ісі қайта қарала бастады. Билік жүйесінде де өзгерістер болып, мемлекет басқаруында біршама жұмсару байқалды. Бұл процесс кейін “жылымық” кезеңінің басталуына алып келді. 1956 жылы өткен Кеңес Одағы Коммунистік партиясының ХХ съезінде Никита Хрущев Сталиннің жеке басқа табыну саясатын ашық сынға алды. Осы оқиға жеке басқа табыну  идеологиясының ресми түрде әшкереленуіне себеп болды. Сол арқылы қоғамда жаңа саяси бағыт қалыптаса бастады. 
  Жеке басқа табынушылықтың құлауы Кеңес Одағы тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Бұл өзгерістер қоғамдағы саяси жүйені қайта қарауға, әділетсіздікке ұшыраған адамдарды ақтауға және елдің даму бағытын өзгертуге ықпал етті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз