
Бүгінде “Qazaqstan” телеарнасының эфирге шыққанына 68 жыл толды. 1958 жылы 8 наурыз күні Алматы қаласынан тікелей эфирге қосылып, қазақ телевизиясы алғашқы хабарын таратты. Осы күннен бастап отандық телеарна халықтың ақпарат алмасу, білім алу және мәдениетпен танысу саласында маңызды рөл атқаратын бастау болды.
Бала кезімнен “Qazaqstan” телеарнасы ұсынатын “Келін”, “Қара шаңырақ”, “Қызыл алма”, “Көзайым”, “Шабдалы 18”, “Құдаша қыз”, “Біздің сынып”, “Абысындар” фильмдерін көріп өстім. “Қызық екен” бағдарламасын үй ішімізбен бірге тамашалайтынбыз. Әртүрлі сұрақтарға қатысушылармен қатар жауап іздеп, қайсысы дұрыс болар екен деп ойланатынбыз. Сонымен қатар “Әйел бақыты” бағдарламасын жүргізген Ләйлә Сұлтанқызының, “Айтуға оңай” ток-шоуын жүргізген Бейсен Құранбектің, “Ашық алаң” бағдарламасын жүргізген Нартай Аралбайұлының бейнесі есімде жақсы сақталған.
“Qazaqstan” телеарнасы ұлт зиялыларының тағдырынан сыр шертетін фильмдерді ұсынуы өте қатты ұнайтын. Мысалы, “Тар заман”, “Ахмет. Ұлт ұстазы”, “Тәшенев. Тайталас”, “Міржақып. Оян қазақ!” телехикаялары ұлттық тарихты насихаттап, көрерменге ой салатын туындылар болды.
Қазіргі таңда мен теледидарды бұрынғыдай көп көрмесем де, “Qazaqstan” телеарнасының қоғамдағы орны ерекше екенін мойындаймын. Ол тек ақпарат құралы ғана емес, мәдениет пен тарихымызды насихаттайтын, ұрпаққа тәрбиелік мән беретін телеарна.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі