Егер сіз әлі де рофл деген сөзді ойын деп айтатын болсаңыз, изи дегенді оңай деп, кринж деген сөздің не екенін түсінбей жүрсеңіз, онда сіз жастардың сөзімен таныс емессіз. Егер балаларыңызбен, немереліңізбен бір толқында болғыңыз келсе жаңа сөздермен таныс болғаныңыз жөн.
1. Изи - (easy) ағылшын тілінен шыққан сөз. “Оңай” деген мағынаны білдіреді.
Сөздің кеңінен таралуына компьютерлік ойындар (Dota 2, CS:GO, League of Legends және т.б.) үлкен әсер етті. Ойын соңында жеңімпаз тарап қарсыластарына “Easy win” немесе қысқаша “EZ” (и-зи) деп жазатын болған. Мысалы: Мен үшін есеп шығару изи.
2.Кринж - ыңығайсыз, ерсі көрінетін қылық жасағандарға айтылады.
"Кринж” сөзі 2010-жылдардың ортасында YouTube пен Reddit сияқты платформаларда кең тарала бастады. Мысалы: Сенің кешегі жасаған әрекетін кринждау болды.
3.Сиксевен - (Six - seven) ағылшын тілінен шыққан сөз.
Нақты бір мақсатта қолданылмайды. Бірақ қазіргі жастардың ең көп айтатын сөздерінің бірі.
4.Краш - ағылшын тіліндегі “Crush”сөзінен шыққан.
Алғаш рет жазбаша түрде 1895 жылы Изабелла Мауд Ридтен есімді автордың күнделігінде кездескен. Ол өзі жақсы көрген Джорджды «crush» деп атаған. Мысалы: Менің крашым біздің сыныпта оқиды.
5. Сигма - қазіргі уақытта “Сигма” сөзі көбіне мем ретінде қолданылады.
Патрик Бейтман “Американдық психопат” фильміндегі бейнесіне байланысты танымал болды. Мысалы: Сигма жасашы.
6.Алтушка - Көбіне қара түсті , кең киімдер киетін, шашын ашық түске бояйтын қыздарды атайды. 2023 жылдан бастап “Алтушка” сөзі қолданыла бастады.

7. Грин флаг - адамның қоғамға қарым - қатынасы, мінез - құлқындағы жағымды белгілері. Бұл ұғым барлық адамға бірдей қолданыла бермейді. Егер сіз қатігез, мін іздеген, әр адаммен ұрысып қалатын типке жататын болсаңыз, бұл ұғым сізге арналмаған. Мысалы: Менің жігітім грин флаг. Себебі ол маған ешқашан ауыр сөз айтып, көңіліме қаяу салған емес.
8. Ред флаг - адамның бойындағы жағымсыз қасиеттер. Көбіне бұл ұғым жаман әдеттерге қаратылып айтылады.
9.Пикми - өзің өзгелерден ерекше санайды, жасанды қылықтар жасап, ер адамдардың назарын аударуға тырысады.
Бұл термин алғаш рет АҚШ-тағы афроамерикандықтардың твиттерінде (Black Twitter) қолданыла бастады. Сол кезде #PickMeChooseMe хэштегі танымал болды. Ол кезде бұл сөз көбіне тұрмысқа шығу үшін немесе ер адамдардың көңілінен шығу үшін өз принциптерінен аттап кететін әйелдерді сипаттау үшін қолданылды. Бірақ қазіргі таңда “пикми” сөзі өз мағынасын жоғалтты. Сөздің танымал болғаны соншалық әрбір адамға айтылатын дәрежеге жетті.
10. Комфорт - ағылшын тіліндегі “comfort” сөзінен шыққан.
“Комфорт” сөзі тек жансыз заттарға ғана емес, адамдарға, кино кейіпкерлеріне де қаратылып айтылады. Мысалы: Сенімен сөйлескенде өзімді комфортно сезінемін.
Уақыт өткен сайын қоғам өзгереді, ал қоғаммен бірге сөздік қор да жаңарады. Әрине кейбір үлкен кісілер үшін бұл сөздер түсініксіз немесе оғаш көрінуі мүмкін. Алайда жаңа сөздерді білу – жастарға еліктеу емес, оларды түсінуге қадам жасау.
Марат
Шнейне пепе ватафа фаааа