
Әлемде түрлі қызықты мерекелер бар. Солардың бірі – кірпікке арналған тушь күні. Бұл күн әйелдердің сұлулығын айқындайтын ең танымал косметика құралдарының бірі - тушьтің маңызын көрсету мақсатында аталып өтеді. Тушь кірпікті қоюлатып, ұзын әрі әдемі етіп көрсетеді. Сондықтан ол қазіргі косметикада ең көп қолданылатын өнімдердің бірі болып саналады.
Кірпік бояуының тарихы өте көне заманнан басталады. Ежелгі Египетте шамамен б.з.б. 4000 жылдары адамдар көздерін қара түске бояу үшін арнайы қоспа – көл қолданған. Бұл зат кірпікті, қабақты және қасты қаралау үшін пайдаланылған. Сонымен қатар ол көзді күн сәулесінен қорғау және түрлі аурулардан сақтану мақсатында да қолданылған. Сол кезде бұл косметиканы әйелдер ғана емес, ер адамдар да пайдаланған.
Қазіргі тушьтің алғашқы заманауи нұсқасы ХХ ғасырдың басында пайда болды. 1915 жылы американдық кәсіпкер Томас Лайл Уильямс өзінің әпкесі Мэйбелге арнап көмір ұнтағы мен вазелиннен тұратын қоспа жасайды. Кейін бұл өнім үлкен сұранысқа ие болып, оның негізінде әйгілі Maybelline косметика компаниясы құрылады. Бүгінде бұл бренд әлемдегі ең танымал макияж өнімдерін шығаратын компаниялардың бірі саналады.
Тушьтің құрамында көбінесе балауыз, майлар және пигменттер болады. Мысалы, парафин, карнауба балауызы және ара балауызы кірпікті қалың әрі ұзын етіп көрсетуге көмектеседі. Ал кейбір тушьтерде кірпікті ұзартатын арнайы талшықтар да болады. Қазіргі кезде суға төзімді, көлем беретін, ұзартатын және түрлі түсті тушьтердің көптеген түрлері шығарылады.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі