Ауыл шетінде тігілген киіз үйлер, қазаннан бұрқыраған наурыз көженің иісі және алтыбақан тепкен қыздардың сыңғырлаған күлкісі. 22 наурыз біздің ауылда жай ғана мереке емес, татулық пен берекенің бастауы. Биылғы мерекенің ең берекелі сәті - әр көшенің өз атынан наурыз көже дайындап, ауыл тұрғындарына ұсынуы болды. Көршілердің бір-біріне деген “Наурыз мейрамы құтты болсын!”, “Ақ мол болсын!” деген ақ тілектері адамдардың жүзіне қуаныш сыйлады. Ауылдың айбынды жастары да бұл күні қалыс қалмады, бірі гір тасын көтеріп күш сынаса, енді бірі асық ату мен қол күресте ептілігін көрсетті. Алайда, мерекенің нағыз қызған сәті — арқан тартыс пен бәйге басталғанда сезілді.
Арқан тартыс ойыны кезінде жанкүйерлердің “Тартыңдар!”, “ Бас!” деген айғайы қатысушыларды қанаттандырды. Ал бәйге басталғанда, тұлпарлардың шабысы құлаққа жағымды естіліп, шабандоздардың делебесі қозды. Бұл сәтте де жанкүйерлер қалыс қалмай, өз тұлпарларына демеу беріп жатты. Әсіресе, жиналған халықтың “Жібер аттың басын” деген айбынды сөзі шабандоздарға ерекше екпін беріп, жеңіске жетеледі. Кеш батып, мереке аяқталса да, ауыл тұрғындарының жүзіндегі қуаныш оты сөнген жоқ. Осылайша, Ұлыстың ұлы күні ауылымыздың бірлігін тағы бір мәрте паш етті.
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі