Тәуелсіздік - тұғырым!

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Тәуелсіздік - тұғырым!

Тәуелсіздік - тұғырым! — Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — Рәміздер суреттері, Ел басы суреті, қима қағаздар, интер тақтамен жүргізілген тапсырмалар — осы тақырыптарға байланысты.

Тәуелсіздік! Еркіндікті бағалайтын мына дүниеде бұдан асқан асыл сөз бар ма екен! Жоқ. Бабаларымыз аңсаған бұл тәуелсіздіктің қадірін біз түсінуіміз қажет. Осы мақсатта Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің  № 8 «Теремок» бөбектер бақшасында қызықты шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шараны бастамас бұрын балабақша  тәрбиешілері  ата- аналарды, әріптестерді, балаларды осы атаулы мерекемен құттықтап, Желтоқсан оқиғасының тарихын баяндап, өздерінің  ізгі тілектерін білдірді. Ән-күй мұғалімі Сусленкова Л.В мен тәрбиешілер  ұйымдастырған ұлы мерекеге арналған концерттік бағдарламасы жалғасын тапты. «Любознайка», «Балауса», «Күншуақ» топтарынан Антон,Варя, Мерей, Денис, Аделя,Алдияр, Митя, Аселя, Милена,Максим,Айша, Миша,Захар,Аңсар, Данияр  қазақ «Күншуақ» тобынан Жәния, Али Мәди,Ерасыл  сынды  балалары  өлең  шумақтарын  арнаса, барлық балалар «Қазақстан жалауы»атты әнін орындады.Әрі қарай көрініс қойылып,денешынықтыру пәнінің мұғалімі Шайжанова А.Е батыр рөлін сомдап, балалармен « Киіз үйді  кім тез жинайды»,  «Кім мықты», «Қыз қуу» ойындарын жүргізіп, балаларды бір қуантып, көрермендердің көңілінен шықты.  Қыздар мен ұлдар қазақ биін билеп, балалар арасында «Өз Рәміздерімізді білеміз бе?» атты сұрақ – жауап ұйымдастырылса, ата- аналармен де Отан жайлы мақал – мәтелдерді жалғастыру ойыны жүргізілді. Қуанышымызға орай, балалар белсенді қатысып, «Балабақша бағында» әнімен аяқтады.

Қазақ тілі мұғалімі  Д.Б Құматова



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік - тұғырым! деген не?

Бұл бетте Тәуелсіздік - тұғырым! тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тәуелсіздік - тұғырым! материалы Әңгімелер мен мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әңгімелер мен мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Рәміздер суреттері тақырыбындағы материалдар Ел басы суреті тақырыбындағы материалдар қима қағаздар тақырыбындағы материалдар интер тақтамен жүргізілген тапсырмалар тақырыбындағы материалдар тәуелсіздік тақырыбындағы материалдар Dinara жариялаған басқа материалдар