Ұлттық ғашықтар күніне топ 10 фильм — Видео бөліміндегі материал.
Материал — фильм, аниме, дорама — осы тақырыптарға байланысты.

Махаббат бекеті (Фильм, 1993)
Орал мен Гүлназ мектепте бірге оқиды, бір-бірін қатты жақсы көреді. Алайда Орал байқаусызда төбелеске түсіп, істі болады. Гүлназ оны күте алмай, басқа адамға тұрмысқа шығады. Жылдар өтеді. Гүлназ пойызда кетіп бара жатқанда, кішкентай ауылдың бекетінде теміржолшы болып жұмыс істеп жүрген Оралды көреді. Пойыз тоқтаған сол бірнеше минутта екеуінің өткен күндерді еске алуы, өкініші мен сағынышы өте әсерлі көрсетіледі.
Жаужүрек мың бала (2012)
XVIII ғасыр. Жоңғарлар қазақ ауылдарын шауып, жас Сартайдың көз алдында ата-анасын өлтіреді. Сартай жетім қалған балаларды жинап, тауда жасырынып, "Мың бала" жасағын құрады. Ол ауылдың сұлу қызы Зереге ғашық болады. Зере де оны күтеді. Кинода бір жағынан жастардың жауға қарсы ерлігі, Аңырақай шайқасы көрсетілсе, екінші жағынан Сартай мен Зеренің қиын-қыстау, қанды соғыс замандағы пәк махаббаты көрсетіледі.

Сенің есімің (Your Name / Kimi no Na wa, 2016)
Токиолық Таки мен ауылдық Мицуха түстерінде орын ауыстырып жүреді. Яғни, біреуі оянғанда екіншісінің денесінде болады. Олар бір-біріне телефонда хабарлама қалдырып, өмірлеріне көмектесіп жүреді. Бірақ кенеттен байланыс үзіледі. Таки Мицуханы іздеп шығып, оның ауылы осыдан 3 жыл бұрын комета құлап, жойылып кеткенін біледі! Енді Таки сиқырлы түрде уақытты артқа қайтарып, қызды және ауыл адамдарын апаттан аман алып қалуға тырысады.
Сәуірдегі сенің өтірігің (Your Lie in April, 2014)
Косэй – бала кезінен пианиноны керемет ойнайтын данышпан. Бірақ қатал анасы қайтыс болған соң, ол психологиялық соққы алып, өзі ойнаған музыканы "естімей" қалады. Күндердің күнінде ол Каори деген жарқын, көңілді скрипкашы қызбен танысады. Каори оны сахнаға қайта шығарып, өмірдің қаншалықты әдемі екенін көрсетеді. Бірақ Каоридің үлкен құпиясы – оның ауыр дерті бар еді. Соңында ол Косэйге өзінің "сәуірдегі өтірігі" туралы көз жасын төктіретін хат қалдырады.

Махаббат қонған жер (Crash Landing on You, 2019)
Оңтүстік Кореядағы үлкен компанияның басшысы, бай қыз Юн Се Ри парапланмен ұшып жүргенде дауылға тап болып, шекарадан асып, жабық Солтүстік Кореяға құлайды. Оны сол жақтың капитаны Ри Чон Хёк тауып алып, үйіне жасырады. Екеуі Се Риді Оңтүстікке қайтарудың жолдарын іздеп жүріп ғашық болады. Олар Солтүстік Кореядағы қауіптен аман қалып қана қоймай, кейін Оңтүстік Кореяда да зұлымдармен бірге күреседі.
Гоблин / Токкэби (Guardian: The Lonely and Great God, 2016)
Ежелгі замандағы қолбасшы Ким Шинге патша опасыздық жасап, өлтіреді. Бірақ ол мәңгілік өмір сүретін Гоблинге айналады. Оның кеудесінде көзге көрінбейтін семсер қадаулы тұр. Осы семсерді суырып, оған өлім мен тыныштық сыйлайтын тек оның "қалыңдығы" ғана бола алады. 900 жылдан соң ол Ын Так есімді елестерді көре алатын мектеп оқушысын кездестіреді. Олар бір-бірін шын сүйіп қалады. Алайда, егер қыз семсерді суырса, Гоблин жойылып кетуі керек еді...

Күнделік (The Notebook, 2004)
Қарттар үйінде бір шал кемпірге күнделік оқып береді. Ондағы оқиға: кедей жігіт Ной мен бай қыз Эллидің жазғы махаббаты. Эллидің анасы олардың хаттарын жасырып, екеуін айырады. Соғыс басталады. Жылдар өтіп, Элли басқа бай жігітке тұрмысқа шықпақшы болады. Бірақ газеттен Нойдың екеуі армандаған үйді өз қолымен салып қойғанын көріп, оған барады. Осылайша сезімдері қайта тұтанады. Фильм соңында күнделік оқып отырған шал мен кемпір – сол Ной мен Элли (Эллидің жадынан айырылатын ауруы бар) екені белгілі болады.

Ла-Ла Ленд (La La Land, 2016)
Лос-Анджелес қаласы. Миа – кастингтерден өте алмай жүрген даяшы-актриса, Себастьян – мейрамханаларда ойнап жүрген джаз музыканты. Екеуі танысып, бір-біріне қолдау көрсетеді, армандарына сенуге үміт береді. Бірақ ақша табу үшін Себастьян өзіне ұнамайтын поп-топқа қосылып гастрольге кетеді, ал Мианың спектаклі сәтсіз аяқталып, ауылына қайтып кетеді. 5 жылдан соң олардың екеуінің де армандары орындалады (бірі танымал актриса, бірі джаз-клуб иесі), бірақ олар бірге емес еді.

Кездескенше (Me Before You, 2016)
Уилл – бай, сымбатты, экстремалды спортты жақсы көретін жігіт. Бірақ оны мотоцикл қағып, мойнынан төмен қарай сал болып қалады. Ол 6 айдан соң эвтаназия (өз еркімен өмірмен қоштасу) жасатпақшы. Оның ата-анасы соңғы үміт ретінде Луиза есімді қарапайым, қызық киінетін, өмірге құштар қызды күтушілікке алады. Луиза Уиллді түрлі жерлерге апарып, өмір сүруге үгіттейді. Олар бір-бірін шын сүйіп қалады. Бірақ соңында Уилл өз шешімін өзгертпейді, есесіне Луизаға өмірді қорқынышсыз сүруі үшін және армандарын орындауы үшін қомақты ақша қалдырып кетеді.
Бұл бетте Ұлттық ғашықтар күніне топ 10 фильм тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Видео бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ұлттық ғашықтар күніне топ 10 фильм материалы Видео бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Ұлпан
Күштііііі