Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық стильге деген қызығушылық айтарлықтай артты. Әсіресе жастар арасында дәстүрлі элементтерді заманауи киіммен үйлестіру кең таралуда.Тіптен қазақ оюуларын ашық-шашық,қысқа киімдерге салып жастардың көңілін тапса,үлкен буынның наразылығын тудырады.
Негізгі деректер: Қазақстандық дизайнерлердің коллекцияларында ұлттық ою-өрнектерді қолдану жиілігі соңғы 5 жылда 4 есе өсті. Бұл этно-стильдің қайта жанданып жатқанын көрсетеді.Дизайнерлердің айтуы бойынша бұрыңғы үлкен шапан,кимешек,сәукелелерді күнделікті өмірде киіп жүру мүлдем ыңғайсыз,ал өзіміздің ұлттық киімдерімізді күнде киіп өскелең ұрпаққа дәріптеу біздің міндетіміз.Сол себепті этно стильді алдағы уақытта қарқынды дамытуымыз керек дейді.
Зерттеулер көрсеткендей: Әлеуметтік желілерде #қазақшастиль, #этностиль хэштегтерімен жарияланған посттар саны мыңдағанға жетіп, жастардың қызығушылығы артқанын дәлелдейді.Әсіресе блогерлер наурыз,тәуелсіздік күні сияқты қазақтың мейрамдарында арнайы влог,рилс,посттар жариялап, миллиондаған қаралым жинап жастардың назарын аудара отыра қызығушылықтарын тудырды.
Статистика бойынша: Қазіргі сәнде камзол, шапан сияқты дәстүрлі киім элементтері күнделікті стильге бейімделіп, джинсы, корсет, худи сияқты заманауи киімдермен бірге киілуде.
Сарапшылар пікірі: Сән мамандарының айтуынша,ұлттық элементтерді қосу — жеке стильді қалыптастырудың тиімді тәсілі және мәдени сәйкестікті сақтауға көмектеседі.
Нәтижесінде: Қазақ қыздарының заманауи стилі — бұл дәстүр мен қазіргі трендтердің үйлесімі. Ұлттық элементтер сәннің бір бөлігіне айналып, күнделікті өмірде кеңінен қолданылып келеді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Хыстаубай Айдана
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі