Голливуд жұлдыздары – әлемдік мәдениеттің ең ықпалды тұлғаларының бірі. Олар тек кино саласында ғана емес, сән индустриясы, музыка және әлеуметтік желілер арқылы да миллиондаған адамдарға әсер етеді. Мысалы, Leonardo DiCaprio экологиялық мәселелерді белсенді түрде көтерсе, Angelina Jolie гуманитарлық қызметімен танымал.
Қазіргі Голливудтағы ең ықпалды жұлдыздардың бірі – Selena Gomez. Ол шығармашылық жолын 2000-жылдардың басында балаларға арналған тележобалардан бастап, 2007 жылдан бастап кең аудиторияға танылды. Бүгінде ол тек актриса және әнші ғана емес, ірі медиа тұлғаға айналды. Оның Instagram желісіндегі жазылушыларының саны жүздеген миллионға жетіп, әлемдегі ең танымал аккаунттардың біріне жатады. Музыкалық альбомдары да әлем бойынша үлкен сұранысқа ие.
Сонымен қатар Selena Gomez психологиялық денсаулық тақырыбын ашық көтеріп, бұл мәселенің қоғамда кеңінен талқылануына ықпал етуде. Оның бұл қадамы көптеген жастарға қолдау көрсетіп, әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін танытады. Қазіргі таңда Голливуд жұлдыздарының табысы да ерекше назар аудартады. Кейбір актерлер бір фильм үшін ондаған миллион доллар көлемінде қаламақы алады. Жалпы, әлемдік кино индустриясының жылдық табысы ондаған миллиард долларды құрайды.
Бұл Голливудтың тек өнер орталығы ғана емес, сонымен қатар ауқымды экономикалық жүйе екенін көрсетеді. Голливуд жұлдыздары – тек экрандағы кейіпкерлер емес, олар қоғамдық пікір қалыптастыратын, мәдени бағыттарды айқындайтын және әлемдік деңгейде ықпал ететін тұлғалар. Ал Selena Gomez феномені – осы ықпалдың заманауи үлгісі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Аянат Мадиярқызы
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі