Балалық шақ

Басты бет / Шығармалар / Балалық шақ

Балалық шақтың естелігінен бір күн 
Жаз.Балалық шағымның есте қаларлық сәттері ауылда өткен еді. Таң азанымен сағат 6-7 кездерінде үйдегілер оянып, малдарды табынға қосуға шығатын.Мені сүт тартатын машинаның дауысы мен отбасымның үстел басында шай ішіп отырған әңгімелері оятатын.

Күн шайдай ашық.Үстел басына таңғы шәйді ішуге отырып,әкемнің таңартен бастайтын әңгемесін тыңдайтынбыз.Кейін,таңғы сауылған сүтпен шай ішіп болған соң,ойнауға шығатынмын. 

Аулаға шыққан беттен сүйікті велосипедімді алуға асығатын едім.Мен үшін одан асқан жүйрік тұлпар жоқ еді.Сөйтіп,күні бойы достарыммен ойнап, кешкі сағат 9-10-ға дейін үйге келуге асықпайтынмын.Себебі, достарыммен мектеп алдында түрлі қызықты ойындар ойнап , сол қызықтың ортасында болу —маңыздырақ еді.
Ауылдың табиғаты мен үшін әрдайым ерекше болатын.Ауылым кішкентай ғана болса да , істейтін нәрсе әрдайым табылатын.Орманға жақын орналасқан ауыл болғандықтан, серуенге сол орманның ішін аралауға жиі баратынмын.Орман  ортасы тыныш,құстардың салған әсем әндері естіледі.Біз сол жерде алтыбақан теуіп, балалықтың бақытты сәттерін өткізетінбіз.

Сол кездердің бейнесі әлі күнге дейін көз алдымнан өшпейді.Алтын ұямды сағынғандықтан ба , балалық шағымды  еске алғанда сол күндерге қайта оралғым келеді



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)