30 сәуір күні Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Қ. Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беру коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше сән-салтанатымен өтті. Бұл тағылымы мол шара мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерінің үйлесімді еңбегінің нәтижесінде жүзеге асырылды.
Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойына ұлттар арасындағы достықты, татулықты, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты сіңіру, сондай-ақ көпұлтты еліміздің мәдени мұрасын дәріптеу болды. Осы мақсатта ұйымдастырылған бағдарлама мазмұны жағынан бай, көркемдік тұрғыдан әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор болды.
Іс-шара барысында мектептің барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, әр сынып белгілі бір ұлттың мәдениетін таныстыруды өздеріне міндет етті. Оқушылар түрлі халықтардың ұлттық киімдерін киіп, сахна төрінде олардың әсем билерін нақышына келтіре орындады. Әр ұлттың биі арқылы сол халықтың болмысы, рухани ерекшеліктері мен мәдени келбеті көрініс тапты.
Сонымен қатар, оқушылар әр халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сахналық көріністер арқылы таныстырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әр сынып өздері таңдаған ұлттың тағамдарын әзірлеп әкеліп, оның дайындалу тәсілдері мен тарихи ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Бұл бөлім көрме форматында ұйымдастырылып, келген қонақтар мен ұстаздар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
Мерекелік бағдарламаның шарықтау шегі – 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен өткен сән үлгісі (дефиле) болды. Оқушылар түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін ерекше талғаммен киіп, сахнада еркін әрі сенімді жүріп өтті. Бұл көрініс ұлттық сәннің әсемдігін паш етіп қана қоймай, жастардың эстетикалық талғамының жоғары екенін көрсетті. Көрермендер бұл бөлімді зор ықыласпен қабылдап, ұзақ қол шапалақтады.
Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері, сахналық мәдениеті мен ұйымшылдығы айқын байқалды. Әрбір қойылым мен таныстырылым үлкен дайындықпен ұсынылып, ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі екені көрініп тұрды.
Осындай тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында бірлік пен ынтымақтың маңызын арттырып, көпұлтты Қазақстан халқының достығын нығайтуға зор үлес қосады.
Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ынтымағы жарасқан елдің болашағы әрқашан жарқын!

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі