Жастардың шетелге кетуін мәселе деп санауға болады ма? - Манарбек Инабат

   Қазақстандықтардың шетелге кетуін 3 факторға бөліп қарастыруымызға болады. Бұл: саяси, әлеуметтік және психологиялық және экономикалық факторлар.

- Саяси факторға жастардың өз елдерінде еркін дами алмауы, сөз еркіндігінің болмауы және жалақының аздығын жатқызсақ болады. Көбінесе жастардың шетелге көшуі осы фактормен байланысты. Әлеуметтанушы Салтанат Оразбекованың айтуы бойынша орта жастағы адамдардың шетелге көшуінің бірден бір себебі, көбінесе тұрмыс жағдайын реттеу үшін, - дейді ол.

- Әлеуметтік және психологиялық факторға өзіне деген сенімсіздік, болашағы жайында көп ойлау, қазіргі таңдағы әділетсіздікке қарап қобалжудың артуын жатқызамыз. Яғни, жемқорлық, әділетсіздік, таныс-тамыр арқылы жұмысқа немесе оқуға орналасу. Бұл адамды ішкі күйзеліске әкеліп, басқа жақтан мүмкіндік іздеуге итермелейді.

- Экономикалық фактор бұл ең ауқымды бағыттардың бірі, яғни жастардың шетелге оқуға түсуі, карьералық өсу, тәжірибе жинау немесе шетелде өз жеке кәсіптерін ашуын жатқызамыз. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша,2025 жылы елден кеткендер саны 7608 адамды құраған болатын. 2024 жылғы кезеңмен салыстырғанда Қазақстаннан кеткендер саны 40,5%-ға азайды. Яғни,2025 жылы Қазақстанға келгендердің саны елден кеткендерден көп болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Манарбек Инабат


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)