Celebrity culture – дамыған елдерде кең тараған үдеріс. Танымал адамның өмір салтына, ой-санасына және жүріс-тұрысына еліктеумен ерекшеленеді. Қазақстан кеңістігінде қазақ әртістеріне деген бұндай «табынушылық» өте сирек кездеседі. Алайда бұл үдерістің отандық бренд пен отандық өнімді құрудағы үлесі орасан.
Мәдени институттар қоғамдағы рухани өндірісті жүзеге асыратын маңызды әлеуметтік компоненттер. Оған кино индустриясы, кітапхана, музыка саласы және т.б. жатады, ал сол саладағы жұлдыздар мәдениеттің көрінісі. Соңғы онжылдықта кино және музыка саласы адамзат өркениетінің дамуына, адамдардың рухани құндылықтары мен эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етуде. Ал сол салада жұмыс жасайтын әртістердің міндеті халық пен мәдениет арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Қазірде әртістің қоғамдағы көрінісін сипаттайтын термин - «имидж» жиі қолданылады. Ол әртістің халық алдындағы бейнесін сипаттайды, көбінесе ол не «жақсы», не «жаман» деп бағаланады. Әртіске деген талап сол елдің менталитеті, яғни құндылықтары мен сенімдері арқылы пайда болады. Әртіс неғұрлым осы талаптарға жақын болса, имиджі де жақсы болады. Бұл өз алдынан халық пен әртіс арасындағы сенімділікті арттырады.
Алайда бұл дамыған елдердегі «селебрити» мәдениетінен әлі де алшақ – бұл үдеріс қоғамдағы танымал жұлдызды өзінің үлгісі ретінде алып, оның өмір салтымен толықтай интеграцияға түсумен ерекшеленеді. Қазақстанда бұндай мәдениет жоқ, себебі жастар арасындағы заманауи қазақ мәдениетіне деген сұраныс төмен болмаса да, жоғары деуге келмейді. Өкінішке қарай, бұл жағымсыз салдарға әкеледі. Жастар имиджі жоғары батыс, я болмаса шығыс әртістеріне еліктей бастайды. Олардың әртістері толығымен сол мемлекеттің аудиториясына сүйене дайындалады, сондықтан насихаттайтыны да өзге мәдениеттің көз-қарасымен ұштасады. Бұл жаһандану үдерісіндегі мәдени интеграцияның көрінісі. Алайда бұның алдын алу үшін өзіндік бренд құру қажет.
Қарапайым көрінгенмін қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие сапалы фильм, музыка саласын дамыту қажет. Қазақ әртістерін сахнаға шығарып, үлгі ететін танымал жұлдыздарды жастар арасында насихаттау маңызды. Сол арқылы жастар арасында «role model» пайда болады. Сонымен қатар, әртістердің танымдылығы қоғамда трендтер мен жаңа әдеттер енгізе алады. Сонда отандық өнімдер де ерекше тез тарайтын болады, себебі имиджі жоғары әртістер үлкен құрметке ие болса, онда киген киімнен бастап, түр келбетіне дейін қайталана бастайды. Яғни шығыс пен батыстың тәжірибесіне көз жүгіртсек, әртістер керемет жарнама бола алады. Бұл сұраныс пен ұсыныстарды арттыратын құрал. Капитализмнің схемасы бойынша ары қарай бәсекелестік артып, қоғамда отандық өнімдер қарқынды даму мен тұтынушылыққа әкеледі.
Ел арасындағы танымал жұлдыздардың коғамдағы сұранысқа ие болуы елдің отандық бренд құруында және жастардың отындақ өнімге қызығушылығын арттырады. Егер мемлекетте құрметті, яғни «имиджі» жоғары әртістер болса, онда ұлттық болмысты құратын және қазақ халқының өзіндік үлгі тұтатын тұлғалары елді мәдениетпен жақындастырады. Олар Қазақстанның жастарында заманауи әрі қазақи көз-қарас құрумен қатар, мемлекеттің экономикасында да даму әкеледі.

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі