Даланың дара ұстазы

Басты бет / Оқушыларға пайдалы / Даланың дара ұстазы

Даралық – басқалардың көшірмесі болудан бас тарту, коғам ұсынған қалыптардарлан тыс шығып, өзіңнің шындығыңды мойындау. Осындай даралығымен даланы нұрландырған ұлылырға қазақ қашан да кенде емес еді.Ұлылырдың ұлы жолын жалғап, ұстаздық жолды ұлықтаған тұлғалардың бірі – қазақтың Хан апасы Қанипа Омарғалиқызы деп танимын. Қанипа ұстазды даралаған қай қасиет еді? 

         Ең алдымен, Қанипа Бітібаева ұстаздықты жай ғана кәсіп емес, ұлтқа қызмет етудің жолы деп таныды деп ойлаймын. Оған дәлел- өзінің бүкіл саналы ғұмырында атақ пен абырой қумай, өмірін қарапайым мектептің тағдырына арнағаны. Мен білетін Қанипа ұстаз әрбір оқушыны тек біліммен сусындатып қана қойған жоқ, адамгершілігі мол, еңбекқор азамат болып қалыптасуын мақсат етті. Оның ««Егер де маған хан тағын ұсынған болса, мен оған ешқашан ұстаздық жолымды айырбастамас едім»-деген сөзі, ұстаздық жолға берген анты, шәкірттерге деген шексіз махаббаты емес пе? «Әлемде күннің нұрынан асқан ғажайып ешнәрсе жоқ» дейді даналар. Ал мен оған «ұстаздық нұрынан, шәкірт нұрынан асқан ғажайып нұр жоқ» деп сыр айтатын Хан апаның тағдыры шәкіртімен тұтасып кетті десек те болады.Даналық деген осы, даралық деген де осы. 

​Екіншіден ол тәжірибе мен ғылымды қос өрімдей қоса ұстап, ұстаздардың да ұстазы бола білді. Оның алды үнемі әріптестерінен босамайтын. Хан апа - әдістемелік және әдебиеттану саласында терең із қалдырған білікті ғалым-педагог. Оның ғылыми еңбектерінің өзегін қазақ әдебиетінің қос шынары – Абай мен Әуезовті мектеп бағдарламасында оқыту мәселесі құрады. Атап айтқанда, ол «Абайды оқыту», «Әуезовты оқыту», «Ерте дәуір әдебиеті» фундаменталды еңбектері арқылы ұлы суреткерлердің шығармаларын оқушы санасына терең әрі жүйелі жеткізуді ниет еткені сөзсіз.. Оның әдебиеттану саласындағы еңбектері ұстаздар қауымы үшін құнды құралға айналды. Қанипа апа осылайша, мұғалімдерге нені оқыту керектінін ғана емес, қалай оқыту керектігін де көрсетіп берген әдістемелік шамшырақ болды. Оның даралығы мінсіз ұстазыдығында ғана емес, сонымен бірге ұлт руханиятын зерттеп, жүйелеудегі білімпаздығынан да айқын көрінеді деп нық сеніммен айта аламын.

Қанипа Бітібаеваның өмір жолы – ұстаздық мамандықтың мәртебесін көтерген ерлікпен тең. Ол өз ісіне шексіз адалдығымен дараланды, бүкіл елді мойындатты. Оның еңбегі – қазақ мектебінің тарихындағы алтын әріптермен жазылған дара парақ.

Хан апа атындағы мектептер, республикалық ғылыми-әдістемелік зертханалар, ұстаздық дәстүрлер – өнегелі мұрасын жалғастырушы көпір іспеттес. Ол әрбір мұғалімнің жұмысына деген жауапкершілігін, махаббатын, және ізденімпаздығын еске салып тұратын мәңгілік ескерткіш болып қалады.



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Гүлсая

Бұл мақалада ұстаздың тек маман емес, жүрегі кең, мейірімді жан екені жақсы сипатталған. Ұстаз - әр адамның өмірінде із қалдыратын ерекше тұлға. Автордың ойы анық, тілі көркем, оқырманға үлкен ой салады.