Әр адам бойынды өз қорқынышы бар, дегенмен олар өздерің әлсіз көрсеткісі келмейді. Сол себепті ішкі жан дүниесін жасырып өмір сүреді. Көңілде қалған сезімдер мен алаңдаушылық олардың өмірінде мүмкін мәңгілікке қалатын қасірет. Одан өмір бойы құтылмауы да мүмкін. Бұл тым аянышты емес пе? Заман өзгергенімен, халық өзгермейді. Адамдар өзіңе ұқсамайтын тұлғаны менсінбейді немесе алшақтанады, көбінесе тіпті айыптайды. Сондықтан ерекшеленуге көптеген халық үрейленеді. Өзгенің қарсы пікірінен қорқады, нәтижесінде өзінді осал сезініп, ішкі қызығушылықтарын жасырады. Олардың ойында тек: “Мені басқалар қалай қабылдайды?”, “Не дейді?”, “Мен дұрыс шешім жасадым ба?”. Осындай жабысқақ ойлар әр адамның басына келеді, басқаның сынына дайын бола алмайды. Көптеген еркін жандарды халықтың біржақты ойлауы ерекше жеке тұлғаны жойды. Қоғам әрдайым талап пен шектеу қояды, идеал болуға тырысады, өзің-өзі қоғамның тар пікіріне тәуелді етіп қояды.Мінсіз дене, мінсіз өмір, тек бір бақыт. Ғылыми психология зерттеулеріне сәйкес, адамдардың шынайылықтан қорқуы бірнеше негізгі факторларға байланысты. Леон Фестингердің (Leon Festinger) танымдық диссонанс теориясы бойынша, адамдардың шамамен 60–70% өз сенімі мен шындық сәйкес келмеген жағдайда шындықты қабылдаудан гөрі оны жоққа шығаруға бейім болады. әлеуметтік психологиядағы ең ықпалды теориялардың бірі. Оны 1957 жылы американдық психолог Леон Фестингер ұсынған. Бұл теория адамның іс-әрекеті мен сенімі, немесе екі қарама-қайшы түсінігі сәйкес келмеген кезде туындайтын психологиялық жайсыздықты сипаттайды.
Енді бізді қызықтыратын басты сұрақ: Егер біз әрқашан өзімізге де, өзгеге де өтірік айтып өмір сүрсек, бақытты бола аламыз ба?
Кез-келген адам бақытты, шектеусіз өмір сүргісі келмейді. Бірақ бұл әлемнің талаптары тым қатал болып қалыптасқан. Халық қалаған ісімен, жүріс тұрысымен, стильмен жәй өмірден ләззат алғысы келеді. Алайда жалғыздықтан қорқатындар да бар. Ал ол қорқыныш неден? Ол, халық өзгеше, өзінше ерекше адамды қабылдай алмай, менсінбеуден болады. Өзге адамның даралығын кемшілікке айналдырып, өзіңе деген сенімін төмендетіп, комплекстер тудырады. Егер сен басқалардан айрықша болсаң, бұл сені дұрыс емес немесе біртүрлі адам ретінде қылмайды. Бұл сені жеке тұлға ретінде танытады.
Карл Роджерс бойынша «шынайы болу» теориясы – тұлғалық дамудың, психотерапияның және тиімді қарым-қатынастың негізі болып табылады. Ол адамның ішкі сезімдері, ойлары мен сыртқы мінез-құлқының бір-біріне сәйкес келуін білдіреді.Роджерстің гуманистік психологиясындағы «шынайы болудың» негізгі аспектілері:Ой, сөз және іс-әрекет бірлігі. Адам өзінің шынайы сезімдерін жасырмай, ашық көрсетсе, ойлаған ойы мен айтқан сөзі, істеген ісі үндестікте болады. Адам өз-өзіне сенімді, өз мүмкіндіктерін біледі және «шынайы мен» мен «идеалды мен» арасындағы алшақтық аз болады. Сонымен қатар өз әрекеттері мен қателіктеріне жауапкершілікпен қарау, шынайы шыншылдық.
Егер басқа адамға зиян тигізбесе, қайсыбір адам қалаған киім, мәнер, талғамымен және көзқарасымен жүруге құқылы. Бірақ бұл өмірде халық ерекше адамды қабылдауға дайын емес. Олар таяз көзқараспен өскен, үлкендердің шектеулерімен өмір сүрген. Ал үлкендер ше? Оларға да өткен шақта орасан қысым жасады, басқа пікірге құқылы болмады. Сонда, заман ешқашан өзгермей ме? Қоғамның стереотиптерінен шаршаған жандар тек батылдық таныту керек, сол кезде ғана біз тәуелсіз бола аламыз. Шынайы болмау да адамды жалғыздық пен бақытсыздыққа әкеледі. Қаншалықты басқалар сияқты болуға тырыссаң да, ештеңе өзгермейді. Сен тек өзіңді эмоцианалдық сарқылуға әкелесің. Бұл сенің барлық күш-жігерің мен азаптарыңа тұрарлық па? Әрине, жоқ. Өзіңді жасырған сайын, өзгелермен терең байланыс құра алмайсың. Ал ашықтық пен өзіңе деген адалдық қана қарым-қатынасты күшейтеді.
Қорытындылай келе, шынайы болудан қорқудың ең дұрыс жолы: бір-біріңе қолдау көрсетіп, түсінікпен қарау. Адамдар бірін-бірі сынамай, қолдаса, қорқыныш азаяды. Кім болсада, саған өзгеше көрінсе де, оны айыптау керегі жоқ. Қолдау бар жерде адам өзін еркін сезінеді және шынайы болуға батылы жетеді. шынайы болу- әлсіздік емес. Сен басқаның ойымен өмір сүрсең, өзіңді жоғалтып аласың. Өзіңе адал бол, осы қайран өмірдің шектеулерімен күрес. Бақытыңды өзің таңда!

merei_2009
Сізге кім, не айтса да, ешқашан өзіңізді өзгертпеңіз. Бұл өмір тек сіздікі, ал қалай өмір сүруді үйретуге ешкімнің құқығы жоқ.
merei_2009
Бұл сіздің өміріңіз, ал қалай өмір сүруді үйретуге ешкімнің құқығы жоқ.
merei_2009
Бұлсіздіңөміріңіз,алқалайөмірсүрудіүйретугеешкімніңқұқығыжоқ.
merei_2009
Әр адам өз өмірін өзі таңдауға құқылы
merei_2009
Бұл сіздің өміріңіз, ал қалай өмір сүруді үйретуге ешкімнің құқығы жоқ.