Ғасырдан озып туған ғалым - Тайшева Данагүл 

Көкжиекті көксеген көкірек күй,

Күмбірлеген кең дала – көңілді үй.

Ғылым қуып, ғасырдың сырын ашқан,

Шоқан еді — шындықтан шырақ шашқан.

Сан тарау сырды терген зерделі ұл,

Сапар кешіп, асулардан өтті бір-бір.

Шығыс пенен Батыстың арасын жалғап,

Парасаттың биігіне жетті нұр.

Қаламынан төгілген қазына жыр,

Тарих, таным — бәрі де жазулы тұр.

Көшпелі елдің болмысын әлемге ашып,

Ғасырларға қалдырды мың асыл сыр.

Қиындықпен қайыспай тайталасқан,

Қайсарлығы қайрат боп жайнап асқан.

Аз ғұмырда мол мұра қалдырды ол,

Дара тұлға — биіктен байқаласқан.

Жұлдыз болып жарқ еткен ғұмыры қысқа,

Жол нұсқады келешек сан ұрпаққа.

Ойы терең, өрісі кең дара дарын,

Сан ұрпаққа шабыт боп мәңгі нұсқа.

Даналықтың дариясын кешіп өткен,

Сан ғылымның шыңына есік ашқан.

Есімі оның ел жүрегін тербейді әлі,

Ұлы мұра — ұрпағына мәңгі асқан.

Тұлғасы биік, рухы асқақ дара,

Тарихтағы орны оның — мәңгі дара.

Шоқан деген шоқ жұлдыз сөнбек емес,

Жарқырайды сан ғасыр, нұр боп қана.

Авторы: Тайшева Данагүл 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)