Баяғыдай емес бүгін адамдар,
Көзінде мұң, көңілінде жара бар.
Күлімсіреп тұрғанымен сырт көзге,
Іштерінде үнсіз қалған сан арман.
Уақыт өтті, бәрін бірге өзгертті,
Жылы сөзді суық үндер жеңіпті.
Жақын жандар жатқа айналып кеткендей,
Жүрек жолы үндесуге жетпепті.
Сенімдердің сызаты күнде ұлғайып, Шындық кейде өтірікпен тең айқасып.
Адалдықтың бағасы тым арзандап,
Пайда үшін адамдықты жүр жеңіп.
Кеше ғана аңғал еді таза жан,
Бүгін мүлде бөтен біреу боп қалған.
Арман қуған бала көңіл жоғалып,
Есеп құрып өмір сүрер шақ туған.
Өзгеру ме?
Ол өмірдің заңдылығы,
Әлде жүрек жоғалтты ма жан жылуын?
Қаталданған уақыт па?
Әлде біз бе?
Жауап іздеп шаршайды ішкі сырым.
Бәлкім, бәрі сынақ шығар өткінші,
Сабыр сақтап, жоғалтпайық тек шындықты.
Өзгерсе де мына жалған, адамдар,
Адам болып қалу — ең үлкен мәртебе.
Авторы: Тайшева Данагүл

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі