Түнгі ойлар. - Тайшева Данагүл 

Түн. 

Тыныштық. 

Ойларым ұйқы көрмес,

Жүрегімде бір арман үнсіз өрлес.

Жұлдыздарға сырымды айтып тұрсам,

Жел де менің мұңымды бірге шерлес.

Ай астында ойларым тербеледі,

Жан сырымды бір жұлдыз жіпке тізеді.

Кейде жүрек түсінбей өз мұңын да,

Түн құшағын паналап сермеледі.

Желмен бірге армандар алыс кетер,

Көңіл кейде тыныштық таба жетер.

Бір үміт бар жүректе сөнбей тұрған,

Сол үміттен өмірге жарық жетер.

Жұлдыздарға қарасам сыр көп онда,

Әрқайсысы үміттей түнгі жолда.

Адам кейде өзімен күреседі,

Жеңіс табар сенім бар әрбір жанда.

Уақыт үнсіз алға қарай ағар,

Өмір жолы сан түрлі белес табар.

Кімде кім арманына қадам басса,

Сол адамға бір күні бақыт қонар.

Түн өтеді, артынан таң атады,

Жаңа үмітпен жүректер жол табады.

Арман қуған адамға әлем кең ғой,

Сенім ғана биікке ұмтылады.

Авторы: Тайшева Данагүл 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)