Қазақ халқының ескі әрі есті жоралғысы - Жанділда Ақжан 

    Қазақ халқында ертеден келе жатқан мағынасы терең салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғылар көп. Олардың әрқайсысы халықтың дүниетанымын, рухани құндылықтарын және өмір салтын көрсетеді. Осындай ерекше жоралғылардың бірі – «анда» немесе «андаласу» дәстүрі.

«Анда» ұғымы – жаны жақын, бір-біріне өмір бойы адал болуға серттескен адамдар арасындағы ерекше достықты білдіреді. Андаласқан адамдар қандай қиындық болса да бір-біріне қолдау көрсетіп, қажет болса жанын қиюға дейін дайын болған. Бұл тек қарапайым достық емес, рухани бауырластықтың белгісі саналған.

Ертеде андаласу рәсімі арнайы жоралғымен өткізілген. Кей деректерде екі адамның алақандарын қанжармен тіліп, қан алмастыру арқылы бауырласқаны айтылады. Осылайша олар бір-біріне адалдық антын берген. Уақыт өте келе бұл дәстүр тек жеке адамдар арасында ғана емес, елдер мен ру-тайпалар арасындағы саяси келісімдердің де маңызды бөлігіне айналды. Андаласу арқылы көптеген берік достықтар қалыптасып, ел ішінде аңызға айналған оқиғалар тараған. Көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин шығармаларында да андаласу ұғымы жиі кездеседі. Бұл қазақ халқының достыққа, адалдыққа және сертке беріктікке ерекше мән бергенін көрсетеді. Қазақтың көне жоралғылары – ұлт тарихының маңызды бөлігі. Олар арқылы халқымыздың рухани болмысы мен адамгершілік құндылықтарын тереңірек түсінуге болады. Андаласу дәстүрі де сол құндылықтардың бірі ретінде бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жанділда Ақжан 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)